Page 197 - index
P. 197

Автордың төмен тілдік мәдениеті – жазудағы тілдік
қателердің ең негізгі себептерінің бірі. Редактор тілдік-
орфографиялық ережелерді білумен ғана шектелмеу керек, оның
кең лингвистикалық эрудициясы, танымдық жан-жақтылығы,
білімдарлығы, әдеби талғамы тілдегі қателерді дұрыс ажыра-
та білуге көп көмектеседі. Тілдік бірліктердің материалдың
тұтас мағынасымен, оның жанрларымен, авторлық баяндаудың
нәтижелерімен үйлесімділігі редакторға нақты міндеттерді ше-
шуге септігін тигізеді.

    Жазбаша мәтіндердің шығу тегі мен құрылымы авторлардың
тілдік құралдарды саналы меңгеруін қажет етеді, алайда ре-
дактор мәтінмен жұмыс істеу барысында тек лингвистикалық
міндеттерді шешумен шектелмейді. Редакциялаудың психо­
логиялық алғышарттарын кең сипатта қараған дұрыс, өйткені
оның зерттеу нысанына сөйлеудің шығуы мен қабылдану процесі
ғана емес, сонымен қатар, оқырманның психологиясы, әдеби
шығармашылықтың психологиясы да кіреді.

    3.7.2 Редакциялаудың логикалық алғышарттары. Логи­
калылық, яғни дұрыс ойлау заңдылығын сақтау қалыпты адам
санасына тән құбылыс және бұл заңды бұзбай ойлау үшін ло-
гика курсын үйрену міндет емес. Алайда, әдебиетші-кәсіпкер,
журналист, редактор үшін логикалық тұрғыдан дұрыс ойлау
жеткіліксіз. Ол үшін логика нәзік те жетілдірілген құрал болуы
және оны өте шебер меңгеруі де тиіс.

    Мәтінді логикалық тұрғыдан кәсіби бағалау қабілетін қа­
лыптастыру әрбір журналист үшін аса маңызды. Олардың бар­
лығы бірдей логиканың маңызды белгілерін анықтай алмайды,
оларды категорияларға жіктей білмейді және күрделі ойлау опе-
рацияларын орындай алмайды. Дегенмен, бұны үйрену әрбір
журналист үшін ең басты қажеттілік. Оған мәтіндегі логикалық
байланыстың рөлін анық тану, логикалық талдаулардың тәсілдері
мен әдістерін меңгеру аса маңызды. Оның бойында логикалық
нормалардың бұзылуына шартты рефлекс қалыптасуы керек.
Алайда мұндай деңгейге жету үшін логиканың заңдары мен
ережелерін біліп, оларды сөз шығармашылығында сақтаумен
шектелу жеткіліксіз. Әдеби мәтін – күрделі құбылыс және

           197

⇐ МАЗМҰНЫ
   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202