Page 14 - index
P. 14

Тілдің стилистикалық құрылымы – бұл бейтарап және
стилистикалық мәні бар тілдік құралдардың қолданылуы, ол
тілдің деңгейлік құрылысы бар жалпы жүйесіне негізделеді және
коммуникативтік қызметтен басқа, тілдің негізгі қоғамдық функ-
циясын қамтитын функционалды стильдер мен оның шағын
стильдерін орындайды.

    Тілдің жеке қызметіне қатынас, хабарлау, әсер ету, экс­
прес­сивті, эмотивті (қоздыру қызметі), волюнтативті (ырзалық
білдіру қызметі) және т.б. жатады.

    Тілді стилистикалық қолдану оған нақты-сөйлеу функция-
сын (белгілі бір функционалды стиль арқылы) – репрезентатив­
ті (ойдың пәніне бағыттау), байланыс орнату (сөйлеу актісіне
қатысушыларға, олардың арасында байланыс орнатуға бағыт­
тауды) және тілдің т.б. жекелеген бірліктерінің көпқырлы сти­
листикалық қызметін орындауға мүмкіндік береді.

    Стиль – стилистиканың кез келген саласындағы кез келген
бағытының негізгі ұғымы. Стильдің ерекшеліктеріне: а) тілдік
құралдардың қолданылу нормасына сай таңдап құралуы; ә) шек-
телген және арнаулы лексикалық құрам; б) өзіне тән сөздердің
мағыналық реңктері мен сөзжасам элементтері; в) өзіне тән фра-
зеология; г) өзіне тән синтаксистік құрылымдар; ғ) әр стильге
лайық мәнерлегіш құралдардың құрамы мен қызметі жатады
[8,371].

    Стиль – тілдің қоғамдық саналы қабылданған түрі. Ол
құралдардың жиынтығымен, оларды таңдау мен жүйелі-сөй­
леу ерекшеліктерімен сипатталады, қоғамдық қатынастың
белгілі бір саласында қолданылады және басқа да қоғамдық-
коммуникативтік сфераның ұқсас түрлерімен байланысады.

    Стилистикалық бояу – тілдік бірліктердің – сөздердің, фра­
зеологизмдердің, сөз тіркестерінің, синтаксистік құрылымдар-
дың, кейбір морфологиялық категориялар мен формалардың,
сондай-ақ жекелеген сөйлемдер мен көлемі үлкен аяқталған
мәтіндердің бояуларының түрлі топтарын қамтитын түпкі ұғым.

    Тіл білімінде ұзақ уақыт бойы стилистикалық бояу термині
«стилистикалық мағына» мәнінде де, яғни тілдік бірліктердің
стилистикалық бояуы оның нағыз стилистикалық мағынасы

           14

⇐ МАЗМҰНЫ
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19