Page 100 - indexf
P. 100

Құрғақ докта жүзу блогы, тұрақтандырғыш колоналары және раскасы бар
су асты бөліктерін құрастырған, осы бөлікті жартылай суға батырып, монтаж-
дау орнына жеткізіледі.

     Жартылай батпалы платформаны теңіз тереңдігінен 100-ге дейін қолдануға
болады.

     Ол салыстырмалы түрде арзан болып келеді. Қондырғы негізгі балластты
жүк болып келетін бататын бөліктен: үстінде бұрғылау қондырғысы, бататын
бөлік пен палубаны толқын биіктігіне байланысты жоғарыға және төменге жыл-
жытып, байланыстырып тұратын бір немесе бірнеше колоналардан тұрады.

     Палуба массасы сумен толтыру мен реттеліп отыратын балласт болып
табылатын герметикалық резервуарда орналасқан. Резервуардың көлемі
сыйымдылықтың көлемінен 3-20 есеге кіші.

     Палуба қалтқыларымен серпінді элементпен трасттан тұратын иілгіш
байланыстырғыштармен байланысқан жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғысының құрылысындағы ең негізгі бағыты – олардың өздігінен жүруі.

     Осындай қондырғының біреуі Солтүстік теңізде жұмыс істейді.
     «Пейссеттер» қондырғысының құрлымына кеме пішінді, екі төменгі корпус,
алты тұрақтандырғыш колоналар, үшбұрышты платформа, диагональді және
горизонтальді байланыстар кіреді. Жаңа қондырғының габаритті өлшемдері
– 79,4*61*33,6 м (биіктігі плотформадағы палубаның төбесіне дейін алынған)
төменгі корпустың ені 15,2 м .
     Ішкі қоршаулар корпуста техникалық және ішетін су, отын және болат,
сондай-ақ сорапты құрылғы мен винт тұратын орын рөлін атқарады. Диаметрі
5030 мм-лі винтер цилиндірлік сұғындырма ішінде орналастырылған. Әр винт
тұрақты ток двигателінің төрт редукторы арқылы жұмыс істейді. Қондырғының
қозғалу жылдамдығы өзінің қуаттылығы (4400 кВт) арқасынан 15км/сағ. бола-
ды. Бұрғылау кезіндегі су ығыстырғыштығы – 19600 т, тасымалдау кезінде –
10700 т. Бұрғылау кезіндегі платформа мен теңіз деңгейінің арақашықтығы –
15,6 м, кеменің суға батып тұратын бөлігі – 18,3 м.
     Конструкцияның негізгі бөліктері ABS кемелік маркасынан, ең жауап-
ты өзектері төменгі температурада жұмыс істеуі үшін, ЕН болат маркасынан,
байланыстырғыштары – төменгі қоспалы болаттан жасалған. Станциялар
өздеріне әрқайсысы 1400 кВт қуатты төрт дизельді-генератор қосады. Бұрғылау
қондырғысының құрамына жүк көтергіштігі 454 т болатын мұнара, тұрақты ток
двигателінің шығыры, үшцилиндрлі, қуатты 1600 болатын бұрғылау сорабы,
саңылауы 953 мм ротор кіреді. Сондай-ақ, әр қайсысы 13,6 т болатын 8 зәкір,
шынжырларының ұзындығы 915 м, су суасты тіреуішін тартушы төрт құрылғы
және төрт бағыттаушы сызықтар кіреді. Қондырғыны орын ауыстыру және
жұмыс тосу мәселелерін шешу мақсатында бұрғылау орнын жылжып келетін
бұрғылау қондырғысы жасалады. Бұрғылау орны табылғанда жылжып верти-
каль күйге, яғни жұмыс күйіне келтіріледі.

         100

МАЗМ¦НЫ
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105