Page 99 - indexf
P. 99

5-тарау

                          Жартылай батпалы жүзбелі
                            бұрғылау қондырғылары

     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын (ЖБ ЖБҚ)
геологиялық іздеу-барлау жұмыстарын қайраңда теңіз тереңдігі 200-300 м-ге
дейінгі аралықта жүргізу үшін қолданады (5.1-сурет).

5.1-сурет. ЖБ ЖБҚ-ның жалпы сұлбасы

     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысы теңіз түбіне тіреліп
тұрмайды, ол жүзген күйінде болады және ұңғыма сағысына күрделі
тұрақтандырғыш жүйе арқылы ұсталып тұрады.

     Бұл қондырғыда тұрақтандырғыш колоналар орналасқан екі жылжымалы
корпустар бар. Ортасында ұзындығы тұрақтандырғыш колоналардан асатын
цилиндірлі тіреуіш колоналар құрастырылған.

     Тірек колоналарының үстіңгі жағында палуба орналасқан. Палубаның
үстінде бұрғылау мұнарасы, бұрғылау механизмдері, жүк көтергіш құрылғылар,
тұрғын орындар және тікұшақ қонатын алаң бар. Тұрақтандырғыш колоналар
палубамен трос және кіші диаметрлі тірек колоналар арқылы байланысқан.

     Суға батып тұратын бөліктен, тұрақтандырғыш колоналардан және су
үстіндегі палубадан тұратын жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысы
келесі түрде құрастырылған:

         99

МАЗМ¦НЫ
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104