Page 98 - indexf
P. 98

Nс = K1K2∆2/3 +K3A.	                                  (4.3)

Мұнда, Δ2/3 – суды алу көлемі, м3; А – кострукциясы жобасының қосынды ау-
даны, м2; К1 – корпус пішіні ескеретін коэффициент (пантондары тікбұрышты
пішінді ЖБҚ үшін К1=1,5, пантондары катамаранды түрде болатын ЖБҚ үшін
К1=1,75); К2 – толқынның әсерін ескеретін коэффициент; К3 – якорлық тұрықты
желдің жағдайын ескеретін коэффициент.

Коэффициенттер............................................К2 		  К3
Жұмыс істейтін 	 ЖБҚ
                                                                 2,1
					  ашық теңізде ..................1,2 		                     1,8

					  жабық теңізде.................1,1 		

ӨК ЖБҚ тіреуіш тізбектердің санына әсер ететін факторлар:
     -	 теңіз тереңдігі;
     -	 метерологиялық жағдайлар;
     -	 теңіз табанына тізбектердің тірелу әсері;
     -	 теңіз табанынан тізбектерді шығарып алу әдісі;
     -	 теңіз табаны;
     -	 көтерілетін корпустың (тұлға) жалпы салмағы.

Цилиндрлі тіреуіші бар қондырғыларды 45 м тереңдікте қолданады.
ӨК ЖБҚ:

     -	 ұңғының құрылысы кезінде бұрғылау қондырғылардың жоғарғы
        жұмыс өнімділігі;

     -	 бұрғыланған орнынан жаңа орынға жылдам көшуі;
     -	 теңізде аса үлкен арақашықтыққа жүзгіштігі;
     -	 автономдылығы немесе мол қормен қамтамасыз етуі сияқты

        талаптарға сәйкес жұмыс істейді.

Бақылау сұрақтары:

1.	 ӨК ЖБҚ-ның тағайындалуы, оларды қандай тереңдікте қолданады?
2.	 ӨК ЖБҚ-ны жаңа бұрғылау нүктеге қалай апарады?
3.	 ӨК ЖБҚ-ның технологиялық қондырғы кешені неден тұрады?
4.	 ӨК ЖБҚ-ның жетістіктері.
5.	 Мұнара айналасында не орнатады?

                98

       МАЗМ¦НЫ
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103