Page 117 - indexf
P. 117

6-тарау

                                  Бұрғылау кемелері

     Жаға базаларынан бұрғылау жұмыс аудандарының алыстауы, соны-
мен қатар үлкен емес автономдылығы жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғыларының қолдану тиімділігін төмендетеді. Сондықтан алыстағы ау-
дандарда іздеу және барлау бұрғылау жұмыстары үшін бұрғылау кемелерін (БК)
қолданады (6.1-сурет).

     Бұрғылау кемесінің конструктивтік ерекшелігі – палубада жабдықталған
төменгі жағында негізі бар бұрғылау мұнарасының, ал кеме ішінде және палуба-
да теңіз акваторияларында мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауды қамтамасыз
ететін, бұрғылау кешендері мен басқа технологиялық жабдықтар жүйелерінің
орналасуы.

     Бұрғылау кемелерін пайдаланудың негізгі режимі ұңғыны бұрғылау болып
саналады. Сондықтан тұрықтың формасы мен басты өлшемдерінің қатынасының
тұрақтылығы тұрар орындарының мүмкіндігінше аз ауысу талаптарынан туын-
дайды.

     Бұрғылау кеменің басты өлшемдерін таңдау оның жүк көтергіштерімен си-
патталады. Олар кеменің автономдылығы мен ұңғыларды есептеген бұрғылау
тереңдігімен анықталады.

     Тәжірибеде көбінесе, біртұлғалы және көптұлғалы өздігінен жүретін және
өздігінен жүрмейтін кемелер қолданады.

6.1-сурет. Зәкірленген бұрғылау кемесі

         117

МАЗМ¦НЫ
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122