Page 120 - indexf
P. 120

таңдау, ұңғыманың бұрғылау тереңдігі мен кеме автономдылығынан
анықталатын – қажетті жүккөтергіштікке тәуелді.

     Қазіргі бұрғылау кемелерінің дедвейт 5000-7000 т-ға дейін, оның ішінде:
сұйық жанармай, сұйық бұрғылау ерітіндісі, химиялық реагенттер, цемент,
тұрмыстық және техникалық су, бұрғылау және отырғызылатын құбырлар, т.б.
қондырғылар, материалдар кіреді.

     Мысалы, «Валентин Шашин» кемесінің дедвейті 6990 т, «Пеликан» 6000 т,
«Сайпем ІІ» 5800 т.

6.2-сурет. «Катамаран» бұрғылау кемесі

     Өздігінен жүретін бұрғылау кемелері біртұлғалы және екітұлғалы (катама-
рандар) болады (6.2-сурет). Өндірістік ұйымдарда көбінесе, біртұлғалы кеме-
лер қолданылады. Бұл оларды дайындауға кететін шығынның аз жұмсалуымен
шартталған, өйткені олар балық аулайтын кемелерді дайындау базасында жаса-
лады.

     Біртұлғалы кемелер түрлеріне: «Диорит», «Диабаз», «Чароит», «Кимберлит»
жатады, олар зәкірлі тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған және инженерлік-
геологиялық барлау жұмыстарын 15 м-ден 100 м-ге дейінгі тереңдікте орындай-
ды.

     Олардың бірқатар: ұңғымадағы тұрақтандыру жүйесінің сенімсіздігі,
бұрғылау ауданының аз өлшемділігі, отыратын орынның шектелуі, түпке (за-

         120

МАЗМ¦НЫ
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125