Page 119 - indexf
P. 119

метрге дейін, «Дисковерер Севен Сиз» (2440 метрге дейін), «Пелерин» (100 мет-
рден -7044 м тереңдікке дейін), «Седко-471» (8235 метрге дейін).

     Өздігінен жүзетін бұрғылау кемелері бір корпусты және екі корпусты (ката-
марандар) болып бөлінеді. Ресейлік өндірістік ұйымдарында бір корпусты кеме-
лер кең қолданыста. Бұл оларды құрастыруға кететін шығынның аздығымен си-
патталады. Себебі олар дайын балық аулау кемелерінің корпусынан жасалады.

     «Диорит», «Диабоз», «Чароит», «Кимберлит» ЗМНПО «Союзморинж-
геология» өндірістік экспедициясында пайдаланатын бір копусты бұрғылау
кемелерінің түрі. Олар тұрақтанудың якорлық жүйесімен, шпиндель типтегі
бұрғылау станогымен және 15 тен 100 м тереңдікке дейін инженерлік-
геологиялық зерттеулер жүргізуге арналған технологиялық қондырғылармен
қамтылған.

     Бұл кемелерден бұрғылау тәжірибесі бірнеше конструкциялық кемшіліктерді
көрсетті. Оның ең бастылары ұңғымадағы тұрақтану жүйесінің сенімсіздігі,
бұрғылау ауданының кішілігі және отыратын орынның аздығы, шпиндельдік
типтегі станокпен бұрғылау кезіндегі түпке қажетті осьтік жүкті бере алмау,
ұңғымаларды комплекстік геотехникалық зерттеу жұмыстарын жүргізе алмау
себептері. Бұл кемеден жүргізуге болатын ұңғыманы зерттеудің жалғыз түрі,
бұл прессиометрия.

     Бұрғылау кемелерімен бұрғылайтын қондырғыларды:
     1)	 алқа;
     2)	 сағаны жабу блогы;
     3)	 түп – беткі байланыс деп 3 топқа бөледі.
     Алқа деп ұңғы сағасының жанындағы барлық ұстау құралдарын және
отырғызылатын құбырлар алқасын түсінеміз.
     Сағаны жабу блогы бірлік жүйе түбінде болады, оған саға жабдықтары
және сыртқы құбырлар, саңылаусыздандыру құралдары (мұнай атқылап, кенет
фонтандаған кезде) бақылау құралдары жатады.
     Түп – үстіңгі байланыс үлкен рөлді атқарады, әсіресе тереңдік өскен са-
йын оның рөлі арта түседі. Оған бағыттауыш құбыр (яғни суастындағы стояк),
бұрғылау ерітіндісін айдауға арналған сыртқы құбырлар, ұңғы сағасын бақылау
үшін арналған 2 құбыр; дистанциялы басқару механизмдері жатады.
     Негізінде бұрғылау мұнарасын кеменің ортаңғы бөлігінде орнатып,
ұңғыманы кемеде орнатылған шахта арқылы бұрғылайды. Шахта тіктөртбұрыш
және төртбұрыш қималы болады.
     Кейбір кемелерде ұңғыма бұрғылауын аяқтаған кезде бұрғылау мұнараны
арнайы құрылғылар арқылы көлденең жатқызады. Ол ауысу кезінде кеменің
ауырлық центрін төмендетеді.
     Кемелерде пайдаланудың негізгі режимінің барлық уақытының 85-90%
ұңғыманы бұрғылау болып табылады. Сондықтан корпус пішіні әр түрлі және
негізгі өлшемдер талаптарына сай анықталуы тиіс. Кеменің негізгі өлшемдерін

         119

МАЗМ¦НЫ
   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124