Page 118 - indexf
P. 118

Жүзбелi бұрғылау кемелерінiң (ЖБК) жаңа буыны, теңiзде әсiресе ауа
райының күрделi аймақтарында бұрғылау жұмыстарын жүргізу технология-
сын жетiлдiруге елеулi әсерiн тигiзуде. Мұндай жүзбелi бұрғылау кемелерінiң
сапалық сипаттамаларын таңдау келесi төмендегідей бөлiктерден тұрады: ереже-
лер мен пайдалану жағдайлары; қоршаған орта белгiлерi; кеменің шайқалыс си-
паттамалары, платформаға берiлетін жүктеме, қондырылған жабдық түрлерiнiң
құрылымы, энергетикалық қондырғылар, қозғалтқыш жүйелерi және бұрғылау
жабдықтары.

     Теңiзде мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау технологиясының құрлықта
бұрғыланатын ұңғылардан негiзiнен айырмашылығы жоқ. Бiрақ, теңiзде жүз-
белi бұрғылау кемелерінен ұңғыманы бұрғылаудың өзiндiк ерекшелiктерi бар.

     Бұрғылау кезiнде ұңғының үстiне орналасқан және теңiз түбiне бекiтiлген
бұрғылау кемесi су астындағы атқылауға қарсы саға жабдықтарын бiршама
қозғап тұрады. Бұрғылау тiзбегiнiң тiк ауысуын жою үшiн, таль блогы мен iлмек
арасына арнайы құрылғы тiк ауысуларды теңелту компенсаторы қойылады.
Кеменiң көлденең қозғалыстары, су астындағы атқылауға қарсы қолданылатын
жабдықтар мен қондырғы палубасының арасына орнатылған, судан бөлiктейтiн
тiзбек арқылы жойылады.

     Бұрғылау мұнарасы – бұрғылау кезiнде және ұңғыны бұрғылаумен аяқталып
басқа жаңа нүктеге көшкенде де, шайқалыстан пайда болатын қосымша
динамикалық күштердiң әсерiнен де болады.

     Ұңғыны жуу айналым жүйесiде бұрғылау ертiндiсiн азайту және дайын-
дау жабық және тұйық жағдайда орындалады. Өйткенi ашық ауа райы жүйесiн
қолдану кеме шайқалуының әсерiнен қиындыққа түседi. Технологиялық
жабдықтарды монтаждап орналастыру үлгiсiнiң де құрлықтағыдан өзгешелiгi
бар. Бұрғылау кемесiнде технологиялық жабдықтарды есеппен орналасты-
ру, ұңғыманы бұрғылаған кезде бұрғылау кемелерiн жобалағанда, оларға
қойылатын технологиялық талаптарды қамтамасыз етуден туындайды. Бұрғылау
жабдықтарының басқа түйiндерi құрлықтағымен ұқсас болып келеді.

     Барлау ұңғымаларын бұрғылау тәжірибесінде теңізде бір корпусты және
екі корпусты өздігінен жылжитын және өздігінен жылжымайтын кемелер
қолданылады. 50 жылдардың ортасынан 70 жылдардың аяғына дейін бұрғылауда
якорлық және қадау жүйелері бар кемелер қолданылып келді. Жүзгіш бұрғылау
қондырғылар паркінде мұндай кемелердің үлестік салмағы 20-24% құрайды.
Якорлық тұрақтандыру жүйесі бар бұрғылау кемелерінің қолданылу аумағы
теңіздің 300 м тереңдігімен шектелген.

     Теңіз кен орындарын игеруде жаңа перспективалар 1970 жылы ашыл-
ды. Динамикалық позициялану жүйесін пайдалану арқасында барланатын
акваториялардың тереңдігі бойынша бірнеше рекордтар орнатылды. Осы
уақыттан бастап, теңіздің терең қабаттарын бұрғылауға арналған кемелердің
әлемдік паркінде жоғары өсім байқалды. Тұрақтанудың динамикалық жүйесі
бар шетелдік кемелер: «Пеликан» (350 м теңіз тереңдігі), «Седко-445» (1070

         118

МАЗМ¦НЫ
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123