Page 122 - indexf
P. 122

ден жетегі бар екібарабанды шоғыр; цементтеу агрегаты; топырақты ерітінділер
үшін резервуарлар; қуаты 350 кВт сегіз якорлы шоғыр орнатылған, 110 адамға
арналған жататын бөлмелері бар.

     Қолайлы кемелердің бірі – катамарандар. Олардың бірқатар жетістіктері:
жоғарғы тұрақтылығы (біртұлғалы кемелерге қарағанда бортты шайқалу ампли-
тудасы 2-3 есе кіші) бар. Ол теңіздің қатты толқу жағдайында да жұмыс істеуге
мүмкіндік береді (жұмыс уақыт коэффициенті 25% жоғары);

     Американдық «Ридинг энд Бэтес» фирмасы тоғыз балдық фирмалармен
біріктірілген екі баржадан тұратын, «Катамаран» бұрғылау кемесін құрастырды.
Кеменің ұзындығы 79,25 м, ені 38,1 м. Одан тереңдігі 6000 м болатын ұңғыманы
теңіздің қандай тереңдігінде болсын бұрғылауға болады. Кемеде:

     -	 жүк көтергіштігі 45000 кН болатын, биіктігі 43,25 м бұрғылау мұнарасы;
     -	 ротор;
     -	 екі дизельден басталатын приводы бар екі барабанды лебедка;
     -	 екі басқа дизельден басталатын приводы бар екі бұрғылау насосы;
     -	 цементтеуші агрегат;
     -	 сазды ерітіндіге арналған резервуарлар;
     -	 тоқ қуаты 350 кВт болатын екі дизель-генератордан басталатын электрлі

          приводы бар якорлы лебедка;
     -	 110 адамға арналған тұрғын үйлер;
     -	 тік ұшаққа арналған алаңдар бар.
     Өздігінен жүрмейтін бұрғылау қондырғыларының негіздерін бұрғылауға
арналған (баржалар, плашкоуттар, шаландылар) ағаш плоттары ретінде құрады.
     БК -нің технологиялық жабдықтары.
     Бұрғылау кеме бұрғылау уақытында суасты саға жабдықтарына қатысты
біршама орын ауыстырады. Бұрғылау тізбегінің тік орын ауыстыруын компен-
сациялау үшін тәл блогы мен ілмек арасында арнайы құрылғы – компенсатор
орнатылады.
     Кеменің көлбеу орын ауыстыруын компенсациялайтын арнайы құрылғы су-
дан бөлетін тізбек немесе тұрық деп аталады, ол суасты жабдығы мен қондырғы
палубасы арасында орналасады. Бұрғылау мұнарасы шайқалу, бұрғылау
кездерінде қосымша динамикалық жүктемелерге сыналады.
     Ұңғыны жуу, тазалау және бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау
жүйесін жабық түрде орындайды, өйткені ашық жағдайда жұмыс қиындайды.
Кемеде технологиялық жабдықтардың орналасуы жалпы кемеге қойылатын та-
лаптарды бұзбай орындайытындай есеппен жүргізіледі.
     Бұрғылау кеме-катамарандарына қарағанда геометриялық және
энергетикалық параметрлері бойынша аз болатын Ресейлік катамарандардан
«Геолог-1» және «Геолог Приморья», атап өтуге болады. Олардың техникалық
сипаттамасы төменде көрсетілген.

         122

МАЗМ¦НЫ
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127