Page 124 - indexf
P. 124

геологиялық зерттеуге қажетті басты технологиялық қондырғылардың «Гео-
лог-1» кемесінде орналасуы.

6.4-сурет. «Геолог-1» кемесінде инженерлік-геологиялық іздеу жұмыстарына
 арналған негізгі технологиялық жабдықтарды орналастыру сызба нұсқасы

 мұнда 1, 2, 3, 4 – лебедка, копер, пенетрациондық штангалар, басқару пуль-
    ты және ПСПК-69 тіркеу блогы; 5 – УГБ-50М бұрғылау қондырғысы;

  6, 7, 8 – қабылдағыш, сәулелендіргіш, қоздыру блогы және сейсмопрофиль-
    деу «Грунттың» регистрация станциясы; 9 – гидробак гидрожүйемен
       және ПСПК-69 балластысымен; 10, 11, 12 – корпус, қозғалушыны
            бағыттаушы құрал және қайықтың қосалқы қондырғысы

     Катамаран «Геолог-1» қара теңізге жақын акваторияларда инженерлік-
геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге арнайы құрастырылған. Катама-
ранда тереңдігі 30 м ұңғымаларда жыныстарды бұрғылап, колонкалар және
инектеп бұрғылауға арналған УГБ-50 м электропроводты қондырғы цемент-
телген. Теңіз түбінің метологиялық құрылысын және де жұмсақ грунттардың
физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеуге арналған суасты ПСПК-69
пенетрационды-каротажды станциясы, сонымен қатар тірек ұңғымалары
арасындағы суасты зоналарының литологиялық құрылымы туралды мәлімет
алу мақсатында тоқтаусыз кескіндеуге арналған сейсмоакустикалық «Грунт»
станциясы жоғарыдағы катамаранда орналасқан. Зерттеу нүктесінде «Геолог-1»
төрт зәкірмен бекітіледі, ал теңіз тереңдіктерінде 7 метрге дейін – ұзындығы 8
метр болатын қосымша екі қазық бағанамен бекітіледі.

     Қалқып жүретін бұрғылау қондырғыларын ең басты жабдық ретінде жасай-
ды, бұрғылау үшін арнайы жасалмаған қайықтар (баржи, плашкоуттар, шалан-
далар), ағаш плоттар немесе арнайы бұрғылау үшін жасалған металл понтон-
дар, катамарандар және тримарандарды қолданады.

         124

МАЗМ¦НЫ
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129