Page 17 - indexf
P. 17

Әлем мұхиты қайраңында мұнай мен газға өте бай болып келетін Парсы
(Әлем қорының жартысынан астамы), Мексика және Гвиней шығанақтары,
Оңтүстік Шығыс Азия теңіздері, Бофорт және Солтүстік теңіздері, Маракайбо
(Венесуэла) лагунасы.

     Әлемдегі ашылған аса ірі алып кен орнындары: Саффания (Сауд Арабиясы)
қоры – 5 млрд. т. болып бағаланады, жылдық шығым көлемі 75,5 млн. т.; Мара-
кайбо лагунасы қоры – 7 млрд. т.; Норз Даум (Катар) газ қоры – 71 трл. м3.

     Қазіргі уақытта Кариб теңізі, Мексика шығанағы, Сауд Арабиясы мен Кувейт
жағалауларында, Солтүстік және Норвегия теңіздерінде, Аляска қайраңында,
сонымен қатар басқа да теңіз акваторияларында мұнай мен газ өндіру аса үлкен
қарқынмен жүргізілуде.

        1.2 Теңіз қайраңында мұнай және газ кен орындарын меңгеру
                                         ерекшеліктері

     Теңіз қайраңында мұнай және газ кен орындарын меңгеру, құрлықтағы бар-
лау мен игеру жұмыстарынан түбегейлі ерекшелінеді. Теңіз қайраңында бұл
жұмыстарды жүргізудің күрделілігі спецификалық ерекшеліктеріне, қоршаған
ортаға, инженерлік-геологиялық зерттеулерге, техникалық мүмкіндіктердің
жоғары құндылығына, дәрігерлік-биологиялық проблемаларына, жұмысты су
астында жүргізу қажеттілігіне, теңізде объектілерді пайдалануға, құрылысты
ұйымдастыруға және бүгінгі күнгі күрделі техника мен жаңа технологияны
тиімді қолдануға байланысты.

     Теңізде қоршаған ортаны зерттеу – теңізде жұмыстарды жүргізу жағдайын,
техникалық мүмкіндіктерін, мұнай кәсіпшілік объектілерді пайдалану және құру
мүмкіндігін анықтайтын гидрометеорологиялық факторларға байланысты си-
патталады, олардың негізгілері: ауаның температуралық жағдайлары, жел, теңіз
толқыны, су ағысы, су деңгейі, теңіздің мұз жабыны, судың химиялық құрамы
және т.б. болып табылады. Осы факторларды есепке алу олардың теңізде мұнай-
газ өндірісінің және іздеу-барлау жұмыстарының техникалық-экономикалық
көрсеткіштеріне әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Теңізде мұнай кәсіпшілік
құрылымдары құрылысын теңіз түбінде орнату инженерлік-геологиялық
зерттеулерді мұқият жүргізуді талап етеді. Мұнай кәсіпшілік құрылымдарының
іргетастарын жобалауда сол жердегі грунтты инженерлік-геологиялық зерттеу
сапасына және толықтығына көңіл аударылады. Мәліметтердің нақтылығы
мен толықтығы құрылымды пайдалану қауіпсіздігін және жобаның үнемділігін
анықтау үшін аса қажет. Теңіз тереңдігі артуымен кен орынды игеру құны да
өсе түседі. Нақтырақ айтсақ, теңіз кен орнының 30 м тереңдікте игеру құны
құрлықтағыға қарағанда 3 есе жоғары, 60 м тереңдікте – 6 есе, ал 800 м тереңдікте
– 12 есе көп болады.

     Соңғы жылдары үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ ұңғымаларды
суасты пайдалану жабдықтарының толық кешенін тәжірибелік-өндірістік

         17

МАЗМ¦НЫ
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22