Page 139 - indexf
P. 139

7.3 Ұңғымаларды бұрғылау және бұрғылау сұйықтары

     Ұңғымаларды тік және көлбеу бұрғылайды, олардың ережеге байланысты
тереңдеген сайын диаметрі азайып отырады. Мұнай-газ сұйығының бастапқы
диаметрі 900 мм-ден аспайды, ал, соңғы диаметрі 165 мм-ден кем болмайды.
Ұңғыманы тау жыныстарын толығымен қиратып немесе керн алмай, сонымен
қатар, керн алу арқылы тереңдетеді. Керн алып тереңдеткенде ұңғыманың ор-
тада тау жыныстар калонкасы қалады, оларды жоғары көтеріп ұңғының қандай
тау жыныстардан өткендігін біледі. Бұрғылау қондырғыларының көмегімен
ұңғыны суда және құрлықта бұрғылайды. Суда бұрғылау қондырғылары жүзбеші
платформалаға немесе кемелерге, эстакадаларғы орнатылады.

     Тау жыныстары механикалық, физикалық тәсілдермен бұзуға болады.
Механикалық бұрғылау айналдаруға және соққылама тәсілімен жүзеге асады.
Соққылама бұрғылау тәсілінің қазіргі кезде тек соққылама түрі пайдаланылады.
Айналмалы бұрғылау тәсілінде қашауға айналдыру моментімен жүктің бірдей
әсер болады. Жүктің әсерінен қашау тау жыныстарына енеді де, ал, айналдыру
моментінің әсерімен тау жыныстарын бұзады. Айналмалы бұрғылаудың екі бар:
1) роторлы 2) түптік қозғаушы.

     Күрделі таулы-геологиялық жағдайда ұңғы бұрғылау кезінде жуу сұйығының
басты атқаратын қызметі:

     1)	 бұрғыланатын тау жыныстар бөлшектерін ұңғыларының түбін
          толығымен тазартып, оларды жоғары көтеріп шығарып тастау;

     2)	 ұзақ уақыт жумаған немесе ұңғы бұрғылау уақытында ұңғыға қабат
          сұйығының немесе газдың ағысын ұстап тұратын қысымды ұстау;

     3)	 бұрғыланған тау жыныстар бөлшектерінің ұңғы түбіне шөгіп қалудан
          сақтау;

     4)	 қашаудың, түптік қозғаушының, бұрғылау колоннасының немесе басқа
          құрал-жабдықтарды суытып немесе майлап тұру;

     5)	 ұңғыма қабырғаларында керексіз заттардың пайда болуын болдырмау;
     6)	 Жоғары жақтағы қуат көзінен оны түпке беру;
     7)	 скважинаның пайдалану аймағындағы өнімі қабаттағы тау

          жыныстарының нақты коллекторлық қасиетін сақтап қалу;
     Бұл қызметті құрамы өте күрделі сұйықтар орындай алады. Оның үшін:
     а)	 скважинаны жуған жағдайда өте жылдам жылжуы керек;
     б)	 тау жыныстарының ертпеуі керек немесе ұңғы қабатының беріктігі

          төмендеуі керек;
     в)	 тығыздықты реттеуді жеткілікті диаппазонда жобалау;

         139

МАЗМ¦НЫ
   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144