Page 134 - indexf
P. 134

7.1.4 Ұңғыма төңірегінде жатқан жыныстардың кернеулік жағдайы

     Жер бетінде кез келген тереңдікте жатқан тау жыныстарына әсер ететін
күш оған түсетін тау жыныстарының қысымының мәнін белгілейді. Белгілі
тереңдікте жатқан жыныс үлгісіне түсетін қысымның тіке жазықтық бойынша
балансын қарастыратын болсақ, ол келесі формула арқылы бейнеленеді:

                                    G=FPT=dT(1-l) FT+ lPoF

мұндағы: 	dT – тау жынысындағы тиімді кернеу шамасы;
     		 Po – кеуектілік қысымы;
     		 F – тау жынысы үлгісі қимасының ауданы;
     		 l – сол үлгідегі кеуектіліктер ауданының қимасының жалпы ауданына

болған қатынасы l=F1/Fo. Осыдан жынысы скелетіне түсетін тиімді кернеулік
жағдайындағы келесі формула арқылы анықтауға болады:

                                          dT=PT-lPo/(1-l)

     7.1.5 Тау жыныстарының температурасы

     Жер бетінің белгілі тереңдігінде жатқан жыныстардың температурасы
атмосфералық жағдайының өзгеруі, маусымдарға сәйкес температураның
өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады. Ол тереңдіктерде жатқан жыныстардың
температурасы бірнеше жүздеген жылдар өзгермейді, бірақ ол барлық жерде бір
шамада болмайды. Оның мәні географиялық орналасуына қарай әртүрлі болуы
мүмкін. Жер астында кез келген тау жыныстарының температурасын шамамен
мына формуламен анықтауға болады:

         T=Tо+Г(H-Zo)

мұндағы: 	Tо – бейтарап қабаттың температурасы;
     		 Г – геометриялық градиент, Г=0.033;
     		 Н – тереңдік;
     		 Zo – бейтарап қабатқа дейінгі жыныстардың қалыңдығы.

     7.1.6 Тау жыныстарының физикалық және механикалық қасиеттері

     Оларға: 1) тау жынысының тығыздығы; 2) көлемдік массасы; 3) беріктігі; 4)
қаттылығы; 5) серпімділігі; 6) түрпілігі; 7) созылымдығы жатады.

     Тығыздық дегеніміз – бірлік көлемдегі тау жыныстарының массасы. r=m/v
кг/м3. Тау жыныс тығыздығы r=1800 – 5200 кг/м3. Шөгінді тау жыныстарының
тығыдығы r=2100 – 2900 кг/м3. Тығыздық тау жыныстарын құрайтын мине-
ралдармен, оларды цементтелген заттардың тығыздығына және осы екеуінің
қатынасына байланысты болады. Тығыздық тереңдік бойынша аз өзгереді.

         134

МАЗМ¦НЫ
   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139