Page 137 - indexf
P. 137

7.2 Турбобұрғының жұмыс сипаттамасы

     Турбобұрғының жұмысы айналу жиілігі n-айн/мин; айналу моменті
М-кгм; қуаты N-кВт; қысым жоғалту мәні ∆P МПа; гидравликалық пәк h си-
паты. Турбобұрғының жұмыс сипаты координатқа тіке осьтегі қисықтармен
бейнеленеді. Олар бірнеше турбинаны немесе бір турбобұрғыны тәжірибеде
сынау арқылы алынған мәліметтер бойынша тұрғызады. Мұнда бұрғылау
сұйығының шығымы Q тұрақты деп қабылданады. Координата осінің абцисса-
сына айналу жиілігі, ал, ординатасына қалған параметрлер салынады. Өткізгіш
тәжірибелер нәтижесі айналу жиілігі мен айналу моментіне байланысты тура
пропорционалды екендігі байқалған. Мұнда екі жұмыс тәртібі белгіленеді: 1)
бос айналу n=nб.а.; М=0. 2) тежегіш жұмысының тәртібі n=0; M=Mт. Екі жағдайда
турбобұрғы білігіне берілген күш әсерінен ол тоқтап қалады. Бірінші жағдайда
турбобұрғы білегін барлық түсетін күштерінен босату керек. Бұл жағдайда мы-
надай теңдеу арқылы бейнелеуге болады:

					                                       	 (7.1)

				 N=M·w ;

Мұндағы: w – бұрыштық жылдамдық, w = np/30

			                                         	 (7.2)

2 формула квадраттық парабола формуласын бейнелейді. Мұнда n=0; N=1; N=0

     Турбобұрғының жұмысында да екі түрлі тәртіп байқалады: 1) экстремалдық
жұмыс тәртібі. Онда турбобұрғы қуатының максималды мәнінде жұмыс жасай-
ды. Мұнда турбобұрғы білігіне берілетін күштің өзгерісі оның жалпы жұмысына
әсерін тигізбейді. 2) турбобұрғының оптималды жұмыс тәртібі. Мұнда ол h-ң
максималды мәнінде жұмыс жасайды. Бұл жағдайда турбобұрғы ∆P – ең төмен
мәнге ие болады. Бірақ оның білігіне берілетін күштің өзгерісі турбобұрғы тур-
биналар жасау кезінде оның қалақшасының профилі мүмкіндігінше жұмыс
жағдайында Nmax, hmax, мәндерінің сәйкес келуіне қарай құрасты. Бұл жұмыс
сипаты бұрғылау сұйығының шамасы Q=const болғанда анықталады. Ал, егер
бұрғылау сұйығының шамасы Q1 болса, оны Q2 деп өзгертетін болсақ турбобұрғы
жұмыс сипаты параметрлері келесі деңгейде өзгереді:

                137

       МАЗМ¦НЫ
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142