Page 136 - indexf
P. 136

қарай: 1) үгітіп, опырып бұрғылайтын; 2) жонып, кесіп бұрғылайтын қашаулар;
3) кесіп, опырып бұрғылайтын қашаулар сияқты түрлерге бөлінеді.

     Тау жыныстарын үгітіп-опырып бұрғылайтын қашауларға шарошкалы
қашаулар кіреді. Мұнай газ кеніштерінде кездесетін жыныстардың физикалық-
химиялық қасиеттеріне байланысты шарошкалы қашаулардың 13 түрі
шығарылады. Олар: жұмсақ (М), жұмсақ түрпілі (М3), жұмсақ орташа (МС), ор-
таша (С), орташа түрпілі (С3), орташа қатты (СТ), қатты (Т), қатты түрпілі (Т3),
қатты берік (ТК), қатты берік түрпілі (ТК3), берік (К), өте берік (ОК), жұмсақ ор-
таша түрпілі (МС3). Шарошкалы қашаулар шарошкасының орнына байланыс-
ты екі түрге бөлінеді: 1)үгітіп бұрғылайтын; 2) үгітіп-опырып бұрғылайтын.
Екінші түрдегі қашаулар шарошкасы өз осіне параллель айналу бағытына қарай
2-шарошкалы көшкен. Сондықтан ол жыныстарды үгітіп-опырып бұрғылайды.
Қашаулардың екінші түріне М, М3, МС, МС3, С, СТ жатады. Бірінші түрге
Т, Т3, К, ОК, ОК3 жатады. Бірінші схема бойынша жасалынған қашаулардың
тиімділігі сырғанау коэффициентімен белгіленеді. Ол қашаулардың бір айналы-
мында оның жасақтарының ұңғы түбіндегі ізінің ауданының ұңғы түбінің жал-
пы ауданына болған қатынасын айтады.

     7.1.8 Алмас және қатты қорытпалы қашаулар

     Мұндай қашаулар жыныстарды жонып-кесіп бұрғылайды. Олар жұмсақ, ор-
таша, қатты, түрпілігі төмен жыныстарды бұрғылауға арналған. Алмас қашаулар
әсіресе өте терең ұңғыларды бұрғылаған кезде қолданады. Өйткені ол ұңғылар
түбінде 400-500 сағатқа дейін жұмыс жасай алады. Алмас кристалдары өте
қатты болғанымен морт болады. Сондықтан бұрғылау кезінде алмас кристалда-
ры көп шығынға ұшырайды. Ол 1 метр бұрғылаудың бағасын көтеріп тастауы
мүмкін. Алмас қашауларын қолдануда ұңғы түбіндегі температураға сақ болуы
керек, яғни ол жақсы суытылуы керек. Ондай болмағанда егер қашаулармен
жыныстардың түйісу ауданында температура 1500 градустан асып кетсе, алмас
кристалдары графитке айналып кетеді.

     7.1.9 Түптік қозғалтқыштар

     Мұнай газ ұңғыларын бұрғылауда олардың екі түрі қолданылады:
гидравликалық және электрлік. Гидравликалық қозғалтқыштарда бұрғылау
сұйығының гидравликалық қуаты турбобұрғы білігінде механикалық
айналуының қуатына айналады, ал, электрлік қозғалтқыштарда электр энергия-
сын айналу моментіне береді. Гидравликалық қозғалтқыштарда турбобұрғы
мен винттік қозғалтқыштар жатады. Электр қозғалтқыштарға: электробұрғы
жатады, турбобұрғы көп сатылы турбиналардан тұрады және оның білігіне
тікелей немесе аударма арқылы қашау жалғанады. Турбина, статор және ротор
дискілерінен тұрады.

         136

МАЗМ¦НЫ
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141