Page 166 - indexf
P. 166

Бұл салада Әзербайжан мемлекетінде үлкен тәжірибе жинақталған. Ги-
проморнефтегаз институты жобалап, терең сулы негіздерінің Баку зауыты
құрастырып, 10-нан астам метал платформаларын 100 м-ге жуық тереңдіктерде
орнатты. Қрымдағы газ кен орны үшін ВНИПИШельф Институты биіктігі
30 м-ге жететін платформалар құрастырды. Каспий және Қара теңіздерінде
және Қиыр Шығыстағы Татар бұғазы арқылы диаметрі 500-700 м болатын
құбыржелісі салынған.

     Қазіргі уақытта шетелдік және ресейлік компанияларымен мұзға шыдамды
тұрақты платформалар жобасы жасалып, іске асуда. Бұл кессон типті платфор-
малар біріншіден Сахалиндегі Пильтун-Астох кен орны және Пегор теңізіндегі
Приразломное кен орны үшін арналған. Жоба жасау арқасында Сахалиннің
басқа кен орнындары үшін мұзға шыдамды платформалар да дайындалуда. Қара
теңіз астымен Түркияға ресейлік газды тасымалдау үшін ерекше құбыр желісі
салынған.

     7.11.2 Ұңғымаларды бұрғылау жүйесі

     Ұңғымаларды бұрғылау жүйесі үшін арналған бұрғылау қондырғылары
төмендегі келесі негізгі компоненттерден тұрады:

     	Түсіру-көтеру құралының жүйесі;
     	Бұрғылау құралы жүйесі;
     	Қашауды айналдыру жүйесі;
     	Бұрғылау сұйықтығының циркуляциялық жүйесі;
     	Қысымды бақылау жүйесі;
     	Энергия көздері жүйесі;
     Түсіру-көтеру құралының жүйесі (көтеру жүйесі) 3 негізгі элементтен –
бұрғылау мұнарасынан, лебедкадан, тәлдік механизмнен (кронблок, тәл бло-
гы, ілгіш, тәлдік қанат және т.б.) тұрады. Бұрғылау мұнарасын (оның бұрғылау
құбырларын түсіріп-көтеру функциясына байланысты) көтеру краны ретінде
қарастыруға болады. Ұңғымадан көтеру уақытында жалпы 3-4 буыннан тұратын
қосылған бұрғылау құбырлары мұнара бойымен көтеріледі. Содан бұл бұрғылау
құбырлар қоспасын бұрап ашып, тік түрде мұнара жанына қойлады. Оларды
тік орналастыру жұмыс уақыты мен көлемін үнемдейді. Қазіргі жаңа бұрғылау
қондырғысы көтеру-түсіру жұмыстарын автоматты кешенмен немесе жұмысты
едәуір жеңілдететін қашықтықтан басқару жүйесімен жабдықталған.
     Бұрғылау колоннасын түсіріп-көтеру үшін гидравликалық цилиндр тәріздес
бұрғылау қондырғысы пайдаланылып жатыр. Бұл жерде жалпы бұрғылау
қондырғысының ортақ салмағын жеңілдететін бұрғылау мұнарасымен лебедкаға
қажеттілік болмайды, сонымен қатар қозғалатын айналадағы элементтер азай-
ып, ұңғыманы бұрғылаудағы қауіпсіздік өсе түседі.
     Бұрғылау құралы жүйесі (колонна). Бұрғылау үдерісі жыныстарды бұзып
ұңғы түзуі үшін энергияға негізделеді. Жыныстардың бұзылуы бұрғылау
құбырының салмағымен, оның айналуымен және бұрғылау сұйықтығының

         166

МАЗМ¦НЫ
   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171