Page 165 - indexf
P. 165

Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары су астына тірелетін
конструкцияны құрайды. Оны теңіздің 20-дан 120 м дейінгі тереңдігінде
қолданады. Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұл қондырғы бірінші қазылатын
нүктеге буксирленіп, содан кейін платформаның аяғы бұрғылау уақытындағы
тұрақты жағдайын қамтамасыз ету үшін суастына қатты бекітіліп түседі.
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары, сонымен қатар негізгі
платформалар қасында қосымша көмектесетін кеменің де рөлін атқара алады.

     Бұрғылау кемелері деп үлкен салмақты көтере алатындай қабілеті бар
қондырғыны айтады. Осы кеме арқылы көптеген мөлшердегі қажетті материал-
дар алыс акваторияларға жеткізіледі, өйткені қосымша көмектесетін кемелер
бұл жағдайларда үлкен шығын алып келеді. Бұрғылау кемелері терең сулардағы
бұрғылау жұмыстарында кеңінен қолданыс табады.

     Бұрғылау баржалары асты бұрғылау мұнарасының тұрақталатын жері
ретінде қолданылатын кеме болып келеді. Бұрғылау баржалары жалпы
бұрғыланатын нүктеге буксерленіп келіп, бұрғылау жұмыстарына кірісу үшін
су астына балласт арқылы батырылады. Бұл тектес бұрғылау қондырғылары
батпақтарда немесе тайыз суларда қолданылады.

     Көмекші кемелер көбінесе қайраң аумағында қолданыс табады, мы-
салы, Қиыр Шығыста немесе Венесуэллада, су тереңдігі саяз және терең
емес жерлерде әрі құны арзан платформаларды қолдану тиімді болған
жағдайда қолданылады. Барлық платформадан бұрғылауға арналған қажетті
құрылғылармен жабдықталған көмекші кеме платформаның қасына зәкірмен
тоқтатылып тұрады. Көмекші кеменің орнын баржа немесе жартылай батпалы
бұрғылау қондырғысы ауыстыра алады. Бұрғылау жұмыстары аяқталған соң
көмекші кеме келесі платформаға бағытталады.

     Теңіз мұнай және газ кен орнын жабдықтауға кететін шығындар күрделі
қаржылардың 50%-дан астамын қамтиды. Мұнай-газ кәсібіндегі платформа-
лар бағасы 1-2 млрд долларынан асады. Мысалға, қазіргі уақытта пайдалануда
жатқан Солтүстік теңізіндегі Тролль кен орнындағы терең сулы гравитациялық
платформаның бағасы 1 млрд доллардан асып түседі. Терең судағы жаңа маги-
стралды құбыр желісін салу үшін 1 км-ге 2-3 млн доллар шығын кетеді.

     Қайраңды меңгерудегі әрбір жаңа қадам әр түрлі мәселелеріне, сәйкесінше,
өмірге жаңа техникалық шешімдер алып келді. Қайраңды меңгеру үшін
бірталай құралдар спектрі жасалынған. Олар техникалық, геологиялық,
гидрометеорологиялық, экономикалық, саяси және тағы басқа жағдайларға бай-
ланысты жұмысқа таңдалынады. Сөйтіп, барлау және пайдалану ұңғымасын
бұрғылау, мұнайды өндіру жұмыстарын іске асыру үшін әр түрлі техникалық
құралдар қолданылады.

     Қазіргі уақытта жаңа техника мен технологияны және теңізде мұнай-газ
құрылыстарын салу ауданындағы сәтті жұмыстар атқаратын инженерлік компа-
ниялар ішінде басты позицияларда «Браун & Рут», «Мак-Дермот», «Квернер»,
«Аккер», «Кеппел» және басқа компаниялар тұр.

         165

МАЗМ¦НЫ
   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170