Page 184 - indexf
P. 184

ларымен тәжірибелік-өндірістік сынаулар және мұнай және газды өндірудің су-
асты жүйесін енгізу басталды. 1987 жылға қарай әлемнің әртүрлі аудандарында
суасты өндіру жүйесіндегі шамамен 450 ұңғы салынды. Олардың тек 15 ұңғы
«құрғақ түрдегі» жұмысқа енгізілді.

     Соңғы жылдары шетел фирмалары, модульді түрдегі түп маңы сағалық
құрылымнан бастап, суасты мұнайгаз кәсіпшілігінің жүйесінің толық кешеніне
дейін, суасты өндіру жүйелері мен жабдықтың құрылымдарының бірқатары жа-
салды.

     Сонымен бірге суасты өндірудің артықшылықтары деп, атмосфералық
жаңбырлардан жабдықты қорғау, навигациялық және өрттік қауіптілік пен
жабдықтың бұзылуын азайту, кен орынды игеруге сатылап енгізу мүмкіндігін
айтамыз.

     Кен орнындарды игерудің суасты жүйесінің негізгі кемшіліктері – суасты
кешендерге қатынас күрделілігі, жоғары маманданған қызмет етуші персо-
нал-акванавттар және сүңгуірлер қажеттілігі, сонымен бірге арнайы құрал мен
басқару жүйелерінің қажеттілігі. Арматураның тораптарына – ысырмаларға,
клапандарға, берілу құрылғыларына, басқару және т.б. ерекше талаптар
қойылады. Арматураны жоғары коррозиялық арматураны қайсарлықты
болаттың арнайы маркілерінен жасайды.

     Суасты өндірудің жабдығының сағалық құрылымдары сағалық арматураның
ашық және жабық орналасуымен болады. Ашық жүйелерде сағалық жабдықтауды
және жабдықтың мұндай түрін жөндеуді арнайы аспапты қолданып арнайы
киімдегі маман-акванавттар жасайды. Жабық жүйелерде, ішінде атмосфералық
қысым немесе шамалы жоғарылау қысым болатын, сағалық жабдық жабық
герметикалық камераларда орналасады. Атмосфералық қысымдағы камералар-
да жұмысшылар кәдімгі жұмыс киіммен жұмыс істейді.

     8.2.2 Ұңғымалардың сағалық жабдықтарының түрлері

     Жүзбелі бұрғылау қондырғыларынан (ЖБҚ) ұңғымаларды бұрғылау
кезінде сағалық жабдық теңіз бетіне байланысты әртүрлі орналасуы мүмкін.
Сағалық жабдық пен олармен байланысты конструкцияларды орналастырудың:
платформадағы суүсті, арнайы платформадағы тірексіз суүсті және суасты
тәсілдері қолданылады.

     Осы жағдайлардың әрқайсысы белгілі бір артықшылықтар мен
кемшіліктерге немесе шектеулерге ие.

     Суүсті платформасы сағалық жабдықты теңіз бетіне орнату үшін
қолданылады. Мұндай орналасуда жабдықты бақылау мен жөндеу қиын да, оны
құрастыру бағасы мен уақыты үлкен де емес. Суасты жиынтыққа қарағанда, аса
күрделі емес жабдығы бар суүсті жиынтығын дайындау оңай.

     Суүсті платформасы бар сағалық жүйені қолдану теңіз тереңдігі мен
бұрғылау ауданының метеорологиялық жағдайларымен шектеледі. Теңіздің

         184

МАЗМ¦НЫ
   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189