Page 25 - indexf
P. 25

2)	 геологиялық құрылымды жалпы зерттеу, мұнай-газдылығының
          келешегін бағалау және геологиялық-геофизикалық әдістермен іздеу-
          барлау аудандарын бұрғылауға даярлау;

     3)	 өндірістік категориялар бойынша қорды есептеу арқылы кенішті (кен
          орынды) игеруге дайындау.

     Бірінші фазада графиметриялық және магнитті барлау әдістері, сонымен
қатар спутниктерден жер бетін суретке түсіру, инфрақызыл техника құралдары
арқылы өлшеу жұмыстары жүргізіледі.

     Екінші фазада іздеу-барлау және бөлшектеп геологиялық-геофизикалық
жұмыстарды орындау жүргізіледі.

     Үшінші фаза аяқтау болып табылады, онда кен орынды ашуға әкеледі (терең
барлау бұрғылары). Осы кезде кен орынды қоршау, ұңғымаларды сынау және
мұнай-газ қорларын есептеу жүргізіледі.

     Гидрометрологиялық режим элеметтер туралы түсінік
     Теңізде мұнай және газ кеніштерін меңгеру, құрлықтағы барлау және игеру-
ден түпкілікті өзгешеленеді. Бұл жұмыстарды теңізде жүргізудің өте күрделілігі
және арнайы ерекшеліктері қоршаған ортамен, инженерлік-геологиялық іздеу
жұмыстарымен, өте жоғары құндылығымен және техникалық құралдардың
бірегейлігімен, дәрігерлік-биологиялық проблемаларымен, жұмыстарды суа-
стында жүргізу қажеттілігіне, теңіздегі объектілер құрылысының технологиясын
пайдалануға және жұмысты ұйымдастыруға, тиімді жұмыстармен қамтамасыз
етіуге және т.б. тығыз байланысты.
     Континенталдық қайраңның ерекшелігі, акваториялардың 75% солтүстік
және арктикалық аудандарда орналасуы болып саналады. Олар ұзақ мезгіл
мұздармен жабылып жатуы, бұл жағдай өндірістік игеруде қосымша қиындықтар
туғызады. Қоршаған орта теңізде жүргізілетін жұмыстардың жағдайларын
анықтайтын гидрометеорологиялық факторлармен, мұнай кәсіптік объектілер
мен техникалық құралдарды тұрғызу және пайдалану мүмкіншіліктерімен си-
патталады.

     Олардың негізгілері:
     •	 температуралық жағдай;
     •	 жел;
     •	 толқындар;
     •	 су ағымдары;
     •	 су деңгейі;
     •	 теңіздің мұз қабаты;
     •	 судың химиялық құрамы және т.б.
     Бұл факторларды ескеру, іздеу-барлау жұмыстарының және теңіздегі мұнай
мен газды өндірудің техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне олардың
әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Теңізде мұнай кәсіптік құрылыстарды
тұрғызу, теңіз түбінде инженерлік-геологиялық іздеу жұмыстарын жүргізуді

         25

МАЗМ¦НЫ
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30