Page 24 - indexf
P. 24

-	 берілген нүктелерден, кемелерден, жағалаудан жүргізілген зерттеулерді
          жалпылау;

     -	 әр түрлі жағдайлардағы есептелген шамалар, мысалы басым желді
          жағдайлардағы ағыс есебі;

     -	 синоптиктердің жедел картасы бойынша есептер (толық есебі);
     -	 тікелей байланыссыз тәсілдермен алынған спутниктік және басқа да

          мәліметтер қолданылуы мүмкін.
     Айта кететін жағдай, барлық есептеулерді арнайы сәйкес тәсілдермен орын-
дайды, олар жүйелі түрде эксперименталды зерттеулер, соның нәтижесінде
есептеудің жаңа тәсілдері жасалуы мүмкін және олар нысаналы бағытталған
зерттеулер есебінен жетілдіріп отырады.
     Толық ақпарат жинау үшін техникалық мүмкіндіктер кешеніне келесілер
кіреді:
     Ғылыми-зерттеу кемелері (ҒЗК): ауа райын зерттеу кемелері; жүзбелі маяк-
тар; якорленген және қалқып жүретін кемелер, қалқып жүрген “северный по-
люс” станциясы, теңіз жағылық және сағалық гидрометеорологиялық кемелері;
ғарыштық және әуелік зерттеу платформалары; суасты аппаратары; ғарыштық
зертханалар; тіршіліксіз спутниктер; ұшақтар, тік ұшақтар, тұрақты теңіз
(мұнай кәсіпшілік және бұрғылау) платформалары; гидрометеорологиялық
мәліметтерді өлшеуге арналған жабдықталған аспаптар кешені және т.б.
     Қоршаған ортаны зерттеу салалардың талаптарын есепке ала отырып арнайы
қоғамдық құрылымдар мен ведомствалар жасаған әдістер бойынша жүргізіледі.
Түпкілікті зерттеулермен мемлекеттік ұйымдар, ассоциациялар айналысады.
     Қоршаған орта жұмыс құнына үлкен әсер етеді және ол орталық
гидрометеорологиялық жағдайына мұнай кәсіпшілігінің күрделі теңіз
техникасының конструктивтік ерекшеліктерінің және техникалық
сипаттамасының параметрлерін анықтауға айтарлықтай дәрежеде тәуелді.
Негізінен солтүстік және арктикалық жағдайлар үшін қоршаған орта – мұнай-
газ өндіру жұмыстарына басты әсер етуші фактор болып табылады.

                 1.4 Теңіз қайраңындағы іздеу-барлау жұмыстары.
                       Гидрометрологиялық режим элементтері

     Қайраңда мұнай-газ кен орындарын меңгеруде техникалық жағынан өте
күрделі және қымбат бағаланатын үдерістер бір-бірімен байланысты толық
кешенді кезеңдерден тұрады.

     Іздеу-барлау жұмыстары. Мұнай-газ жиналатын геологиялық құры-
лымдардың орнын анықтау мақсатында жүргізілетін барлау жұмыстары үш фа-
зада орындалады:

     1)	 алдын ала геологиялық ақпаратты алу мақсатында аймақтық зерттеу-
          лер.

         24

МАЗМ¦НЫ
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29