Page 315 - indexf
P. 315

12.7 Теңіз кен орындарындағы қабаттың жұмыс режимдері

     Мұнай бергіштік коэффициентін арттырудың екінші реттік және үшінші
реттік әдістері енгізілгенге дейін мұнайды өндіру қабаттың табиғи энергиясы
және ондағы флюидтердің есебінен жүрді.

     Табиғи режимде (біріншілік) сұйық пен газдың ұңғымаға келуі:
     •	 серпімділік күшінің әсері (серпімді және суарынды-серпімді фильтра-

          ция режимі);
     •	 мұнайдағы еріген газдың бөлінуі және ұлғаюы (еріген газ режимі);
     •	 газға қаныққан қабат бөлігіндегі газдың ұлғаюы (газды телпек режимі);
     •	 ауырлық күшінің әсері (гравитациялық режим);
     •	 коллектор тау жыныстардың шектен тыс салмақ түсу әсерінен

          қаңқасының төзімділігін жоғалтып нығыздануы көмегімен болады.
     Серпімді режим көбінесе, кен орынды игерудің алғашқы сатысында орын
алады. Серпімді режим кезінде мұнайдың қабаттан ұңғыға қарай фильтра-
циясына негіз болатын өнімді қабатты қанықтырып тұрған мұнай мен судың
серпімділігі қабат қысымы төмендегенде, олардың көлемі ұлғаяды және тау
жыныстардың серпімді деформациясы, қабыршақты кеңістіктің көлемі кемиді.
Таза серпімді режим кезінде қабаттың мұнай бергіштігі 1-2%-дан аспайды.
     Мұнайлы қабаттың айналасында суқанығу аймағының таралуы айтарлықтай
көлемді болғанда серпімді режим серпімді-суарынды режимге ауысады және
бұл кезде контур сыртындағы, сулы қабаттың серпімділігі пайдаланылады. Бұл
режим өз кезегінде қатты-суарынды режимге өтуі мүмкін, бұл кезде ұңғымадан
өндірілетін өнім (мұнай, газ және су) көлемінің орны қабаттың контур сырты
аймағынан келетін сумен толып отырады. Қабаттық қысым тұрақты деңгейден
ауытқымай мұнайды тиімді өндіруге мүмкіндік береді. Серпімді және қатты-
суарынды фильтрация режимдері алғашқы қабаттағы мұнайдың 35-тен 75%-ға
дейін көлемін алуға мүмкіндік береді.
     Қабат қысымының қанығу қысымынан төмендеуі кезінде мұнайдан
ондағы алғашында еріп тұрған газдың бөліну үдерісі басталады. Қысымның
ары қарай төмендеуі кезінде газ көпіршіктері кеңейіп кеуекті кеңістіктен
мұнайды ығыстырады. Бұл үдеріс еріген газ режимі деп аталады. Себебі бұл
жерде мұнайдың ұңғымаға қозғалысы және оны өндіру мұнайдағы еріген
газдың есебінен болады. Еріген газ режимінің әсері стратифицирленген және
өткізгіштігі нашар тік орналасқан қабаттарда айтарлықтай ұзаққа созылады, ол
мұнай мен газдың тығыздықтарының айырмашылығынан болатын газдың са-
лыстырмалы жылдам сегрегациясының алдын алады. Кей жағдайларда газдың
«қалқып» шығуы екіншілік деп аталатын газды телпектің түзілуіне алып келеді.
Еріген газ режимінің эффективтігі төмен ол қабаттағы мұнайдың 5-25%-ын
алуға мүмкіндік береді.
     Шоғырда газды телпек болған жағдайда мұнай – газарынды режим
есебінен өндіріледі. Газдың жоғары сығымдылығы қабаттың газқанығу көлемі
айтарлықтай үлкен болуы өндіру ұзақтығын және эффективтілігін қамтамасыз

         315

МАЗМ¦НЫ
   310   311   312   313   314   315   316   317   318   319   320