Page 316 - indexf
P. 316

етеді: газарынды режимде қабаттағы мұнайдың 40%-ға дейін мөлшері өндірілуі
мүмкін.

     Жоғары қуатты мұнай шоғырларында және тік құламалы мұнайлы
қабаттарда мұнай гравитациялық күштердің әсерінен алынуы мүмкін. Кейбір
жеке жағдайларда гравитациялық режим өндірудің жоғары технологиялық
көрсеткішіне жетуге мүмкіндік береді.

     Коллектор – тау жыныстардың нығыздалу үдерісінің негізгі себебі, мұнай
мен газды игеру кезінде жынысқа әсер ететін салмақ өте үлкен болып оның
бұзылуына алып келеді. Бұл өз кезегінде қабаттың немесе шоғыр көлемінің
бірден немесе біртіндеп кемуіне себеп болады. Бірінші жадайда қабыршақты
кеңістіктің кемуі жер бедерінің отыруына алып келуі мүмкін (Уилмингтон
кен орны Калифорния, Венесуелладағы М-6-учаскесі). Қайраңдағы кен орын-
ды өндіру кезінде түптің отыруы теңіздің тереңдеуіне алып келеді (Норве-
гия континенталды қайраңындағы Экофиск кен орны). Кеуекті кеңістіктің
бірден төмендеуі нәтижесінде әлсіз жерасты дүмпулері болады, осының
нәтижесінде мұнай шоғырлары игеріледі. Жердің сілкінуі кен орынды игеру
кезінде сол аудандағы геодинамикалық жағдайдың бұзылуынан пайда бола-
ды (Татарстандағы Ромашкинское кен орны, Баку қаласы ауданындағы Старо-
грозненское кен орны, Ферғана аймағы ауданындағы кішігірім кен орындар).
Кен орынды игеру себебінен болған айтарлықтай күшті жер сілкінісіне, ма-
мандар 1974 жылы Өзбекстандағы Газли кен орны ауданындағы жер сілкінісін
жатқызады.

12.9-сурет. Қабат қысымының (р) және газ факторының (ГФ)
      әртүрлі фильтрациялық режим кезіндегі динамикасы

         316

МАЗМ¦НЫ
   311   312   313   314   315   316   317   318   319   320   321