Page 332 - indexf
P. 332

Су бассейнінің түбінен ұңғыны бұрғылау мүмкіндігін алу, одан кейін мұнай
және газды өндіруге, бұрғылау және пайдалану, жабдықты орналастыруға ар-
найы негіздерді құру керек. Стационарлы негіздер: құйылған шығанақ свай-
лы түрдегі металконструкциялы негіздер, іріблок түрлері, гравитациялы типті
үлкен салмақты негіздер болып бөлінеді.

     Шетелде ұңғыларды бұрғылау және мұнайды өндіру металл стационарлы
теңіз негіздері 6 м тереңдікте құрылған қарапайым конструкциядан бастау алып,
305 м тереңдікте жүргізілетін күрделі конструкцияға дейін дамыды.

     Свайлы және ірі блокты типті металлконструкциялы негіздер бұрғылау
тәжірибесінде өте жиі қолданылады.

     Свайлы типті негіздерді – әртүрлі тереңдікте, сонымен қатар су түбі
релефтінің күрт өзгеру жағдайында қолданады. Свайлар астында теңіз түбінде
ұңғыларды арнайы кемелерден бұрғылайды. Әрбір осындай ұңғыларға құбыр
түсіріп, оны цементтейді. Осыдан кейін свайларды, олардың аяқтары су бетінің
үстінде бірдей деңгейде болатындай кеседі. Құбырлар аяқтарын жазық ме-
талды фермалармен байланыстырады, оған еден төсеп мұнара және бұрғылау
қондырғысын орнатады. Свайлардың су деңгейінен биіктігі ең үлкен толқындар
биіктігінен асуы керек.

     Ірі блокты негіздер
     Қазіргі кезде теңіз негіздерін құру үшін ірі блоктарды қолданады (МОС-
1,2).
     Межлумов, Оруджев және Саттаров конструкциялары су тереңдігі 8 м, 14 м,
22 м-де қолдануға есептелген.
     Теңіз түбіне блокты қондырғаннан кейін, оның ішкі қуысы арқылы теңіз
түбінде ұңғыманы бұрғылайды, одан кейін оған блоктарды түппен байланысты-
ратын темірбетонды свайларды жібереді.
     Блоктың суүстіндегі блогы биіктігі бойынша реттелетін фермалармен
қамтылған. Олар түп рельефтің 1 м-ге дейін өзгеруінде қолдануға мүмкіндік
береді.
     Теңіз кен орындарын алу қарқынын күшейту қажеттілігі негізгі жаңа
түрлерді жасауды талап етті. Бұл мәселе құрылыстық іріленген блоктарға
өтуімен шешілді, ол кезде блоктарды дайындау және жинау бойынша еңбек
сыйымдылықты жұмыстар жағадағы базада орындалды. Мұндай негіздер
әрқайсысы жоғарыдан фермалармен байланысқан және биіктігі бойынша дио-
гональ икемдермен байланысқан төрт немесе алты тіреулерден тұратын металл-
конструкцияларды көрсетеді. Теңіз тереңдігіне байланысты негіздер бір, екі, үш
және төрт ярусты болады. Теңіз ұңғымаларын игеруге дайындау:
     •	 Трубоқұбырларды салу;
     •	 Эксплуатациялық ұңғымадарды орауды монтаждау;
     •	 Штабельдерде алаңдарда бұрғылау құбырларын немесе штангтарды

          әкелу;

         332

МАЗМ¦НЫ
   327   328   329   330   331   332   333   334   335   336   337