Page 334 - indexf
P. 334

нәтижесінде штангінің үзілу қаупін тудырады. Бұл қондырғыларды пайдалану
қойылған талаптарды әр кезде қанағаттандырмайды. Қазіргі штангілі жетегі
бар сорапты қондырғылар осы кен орындарында ұңғымаларды пайдалану үшін
бейімделмеген. Келтірілген жағдайларда ең перспективті болып плунжерлі лифт
және штангісіз сорап болуы мүмкін. Плунжерлі лифт және штангісіз сораптың
артықшылықтары ретінде қызмет көрсетуінің қарапайымдылығы салыстырма-
лы түрде күрделі жөндеулер арасындағы кезең. Оларды толығымен автоматтан-
дыру, ұңғымалардағы сенімді жұмыс болады.

     Теңіз ұңғымаларын пайдаланудың гидропоршеньді әдісін пайдалану.
Әзербайжанда гидропоршеньді қоңдырғыларды пайдаланудың көпжылдық
тәжірибесі соңғысының терең ұңғымаларда сәтті жұмыс істеуі екендігін
көрсетті. Гидропоршеньді сорғышты қондырғыны пайдалану оңай, толық авто-
маттандырылады, ол теңіз жағдайларында маңызды болып табылады. Қондырғы
ұңғыма ішіндегі құрылғылардан тұрады. Беткі қондырғыларға электр жетектері
бар күштік сорғыштар сұйық мұнайды тазалауға арналған резервуарлар,
қабылдаушы және арынды труба құбырлар, тракт, қондырғылар арасындағы
труба құбырлар жатады, ұңғыма ішіндегі қондырғы көлемді гидравликалық
қозғалтқыштан тұрады. Оның жұмысын басқаратын ГП-нің мағызды элементі
ретінде золотникті қондырғы болады. Әрекет ету принципі бойынша ол төрт
қадамды кранның әрекетіне ұқсас болып келеді. Золотниктің ішкі бөлігі канал-
дармен 900 бұрылуы екі жағдайда болуы мүмкін. Мұндай ауыстырып қосулар
қозғалтқыш штогынан автоматты түрде іске асырылады.

                        13.2 Ұңғымаларды пайдалану тәсілдері

     Егер сұйықтың немесе қоспаның жер бетіне көтерілуі табиғи энергияның
Wn (Wn = 0) есебінен болса, онда бұл тәсілді табиғи-фонтанды деп атаймыз.

    Егер ұңғы сағасындағы қысым қанығу қысымынан үлкен болса (Pc  PK ),

онда көтергіште еркін газ болмайды, ал сұйық жер бетіне өзінің потенциал
энергиясының арқасында көтеріледі. Пайдаланудың осы тәсілін артезианды
фонтандау, не болмаса қабаттың гидростатикалық арынның есебінен сұйық
көтеріледі. Қазіргі уақытта бұл тәсіл шектеулі тараған.

     Егер ұңғы өнімінің жер бетіне көтерілуі табиғи және жасанды энергиялар
есебінен, не болмаса тек қана жасанды энергия есебінен болса, онда осындай
пайдалану тәсілі механикаландырылған деп аталады.

     Пайдаланудың механикаландырылған тәсілі келесі варианттарда орындала-
ды:

     1.	 Жасанды энергия өндірілетін өнімге ортадан енгізіледі, ал оның өндіру
ұңғылары арасында таралуы кеніште болады. Кенішке энергияны осылай енгізу
тәсілі және оны тарату қабат қысымын ұстау әдістері қолданғанда жүзеге асы-
рылады. Егер әрбір жеке өндіру ұңғы тек қана сорапты компрессорлы құбырлар
тізбегімен жабдықталса (ұңғы өнімін көтеруге механикалық құрылғылары жоқ

         334

МАЗМ¦НЫ
   329   330   331   332   333   334   335   336   337   338   339