Page 335 - indexf
P. 335

болса), онда аталған тәсілді жасанды-фонтанды деп атаймыз. Жасанды-фонтан-
ды пайдалану тәсілі көбінесе, Ресейде кеңінен қолданылады.

 13.1-сурет. Пайдалану тәсілдерінің және ұңғылардан өнімді
көтерудің әртүрлі энергетикалық көздерінің классификациясы

     2.	 Әрбір өндірілетін ұңғыға жасанды энергия механикалық, электрлік не-
месе гидравикалық құрылғы арқылы енгізіледі. Ұңғыға табиғи энергияны
енгізу әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі: арнайы газ (ауа) немесе арнайы терең
сораптармен ұңғыға энергияны енгізудің бірінші тәсілінде қарастырамыз.

     Өндіру ұңғыларды пайдалану тәсілдерінің кейбіреулері ерекше орын алады,
өйткені сұйық пен газдың табиғи энергиясын пайдалану арнайы жер асты (ұңғы
ішінде) жабдықты қолдану арқылы орындалады.

     Оларға келесілер жатады:
     а)	 Ұңғыларды компрессорсыз газлифтен (ұңғы ішінде) пайдалану. Өнім

          көтерудің теориялық негіздері фонтанды-компрессорлы пайдалану
          сияқты. Тек қана бір айырмашылық, ол – өнімді көтеру үшін сол ұңғы-
          ның газды қабатшаларынан алынатын немесе жеке газ қолданылады.
          Осы жағдайда компрессорларды қолдану болмайды.
     ә)	 Ұңғыларды плунжерлі лифтен пайдалану. Өнімнің көтерілуі мұнайдан
          бөлінетін газдың табиғи энергиясынан арнайы плунжерлерді қолданумен
          болады.

         335

МАЗМ¦НЫ
   330   331   332   333   334   335   336   337   338   339   340