Page 339 - indexf
P. 339

13.5-сурет. Батырмалы ортадан тепкіш сораптың сипаттамалары

     Қондырғы батырмалы қозғалтқыштан (ПЭД) (1), протектордан (2), ұңғыға
сорапты-компрессорлы құбырлар тізбегінде (4) түсірелетін көпсатылы ортадан
тепкіш сораптан тұрады (3) тұрады. Электрлі күшті кабель (5) құбырларға хо-
муттар (6) арқылы бекітіледі. Сағалы арматурада кабельдің саңылау сыздануы
арнайы сальникпен (7) болады.

     Жер үстіндегі жабдыққа келесілер кіреді: кабельді барабан (8), трансфор-
матор (9) және басқару станциясы (10). Батырмалы агрегаттың параметрлерін
үлкен диапазонда реттеу үшін қондырғы ток жиілігі түрлендіргішпен
жабдықталады. Батырмалы электрқозғалтқыш және батырмалы ортадан тепкіш
сорап кәдімгілерден өзгеше болып, ұзындығы үлкен және кіші диаметрімен си-
патталады.

     Батырмалы ортадан тепкіш сораптың сипаттамасы 13.5-суретте көрсетілген.
     Батырмалы сораптың әрбір өлшемдері сораптың тиімді беруіне Qопт, ПӘК
ең үлкен мәніне ηмах сәйкес келетін ұңғыдан қажетті сұйық көлемін алуға
арналған. Бұл шарт кәсіпшіліктен көп мөлшерде әртүрлі батырмалы сораптар-
ды шығаруды талап етеді, ал ол экономикалы рентабельді емес болып саналады.
     Әртүрлі өлшемді сораптың жұмыс аумағын кеңейту мақсатында, белгілі бір
диапазонда оның жұмысы беру бойынша (Q1 ден Q2 дейін) және арын бойынша
(Н1 ден Н2 дейін) келесідей формуламен анықталады η1 ÷ η2 ):

							  η1,2 = ηmax − 0.05 	                                (13.9)

     Келтірілген диапазон 6.6-суретте штрихталған. Қанығу қысымынан төмен
болған қысым кезінде мұнайдан бөлінген еркін газ ортадан тепкіш сораптың
жұмысына белгілі әсерін тигізеді, ол осы батырмалы ортадан тепкіш сораптың
сипаттамаларының өзгеруіне әкеледі (6.7-сурет).

     Сипаттамалардың өзгеруі сораптың кіріс жерінде көлемді шығынды газ
құрамынан β2вх тәуелді.

         339

МАЗМ¦НЫ
   334   335   336   337   338   339   340   341   342   343   344