Page 338 - indexf
P. 338

Фонтанды арматура топты қондырғылармен лақтыру желілері арқылы
жалғанады. Дебитке, қысымға, құмның және парафиннің болуына байланысты
фонтанды ұңғылардың жалғау сұлбаларын әртүрлі қолданады.

     Пайдаланудың газлифтілі тәсілі
     13.4-суретте газлифтілі ұңғының принципиалды сұлбасы келтірілген.
Газлифтілі пайдалануда ұңғы өнімін көтеру үдерісінің маңызы, ол – көтергішке
арнайы газды Vг көлемінде айдау.
     Газлифтілі пайдаланудың физикалық маңызы, ол айдалатын газ арқылы
болатын газсұйықты қоспаның тығыздығын қабылдау жеріндегі қысым Рпр
көтергіштегі барлық кедергілерді жеңетіндей төмендету қажет. Бұл тәсіл
техникалық және технологиялық жағынан қарапайым болғанымен, кейбір
жағдайларда экономикалық жағынан тиімсіз. Газлифтілі пайдалану пайдалы
әсер коэффициентінің үлкен еместігімен, ұңғының сулануында өнім бірлігін
көтеруге кететін меншікті газ шығымының өсуімен сипатталады.
     Штангасыз пайдалану
     Штангасыз пайдалануға электрлі ортадан тепкіш сораптар жатады.
     Біріншіден, олар өнім көтерілу биіктігі үлкен диапазонда болатын ор-
таша- және жоғары дебитті ұңғыларды пайдалануға арналған. Екіншіден,
тереңсораптың жетегі ұңғыда орналасқан электр қозғалтқыш арқылы жүзеге
асады. Қозғалтқыштың қоректенуі күшті электрлі кабель арқылы болады.
Қондырғының сұлбасы 13.5-суретте көрсетілген.

         13.4-сурет. БОТЭС

         338

МАЗМ¦НЫ
   333   334   335   336   337   338   339   340   341   342   343