Page 341 - indexf
P. 341

Мұнай өндірудің жаңа құрылғылары
     Жаңа және келешегі жоғары болып орынды қондырғы есептеледі. Арынды
аппараттар әртүрлі өндіріс салаларында қолданылады, ол: конструкциясының
қарапайымдылығы, қозғалу бөлшектерінің жоқтығы, жоғары сенімділікте және
келесі күрделі жағдайларда жұмыс істеу мүмкіндігі; механикалық қоспалардың
және еркін газдың құрамда көп болуын, жоғарғы температура жағдайларын,
мұнайдың жоғарғы тұтқырлығын және т.б. келесі жетістіктермен сипатталады.
     Қазіргі кезде мұнай өндірудің көбісі күрделі табиғи-климаттық жағдай-
лармен сипатталатын көптеген елдерде жүргізіледі. Осы кезде өндіру ұңғыларын
пайдалану үшін батырмалы қондырғылардың беріктігіне, жөндеу аралық кезеңді
үлкейтуге үлкен талаптар қойылады. Осымен қатар, батырмалы қондырғы
жоғары температуралы аумақтарда, еркін газды көп сұйықты алу, тұтқырлығы
жоғары сұйықты ұңғыдан алу жағдайында жұмыс жасайды.
     Жолдар, электрбергіш желілері және компрессорсыз газлифтіні қолдану
мүмкіндігі жоқ алыстаған кен орындарды пайдалануда арынды қондырғыларды
пайдаланады.
     Қазіргі уақытта Ресей және АҚШ мамандарымен: күш жетегі батырмалы
және күш жетегі беттік (яғни, күш сорабы жер бетінде орналасқан кезінде)
сияқты әртүрлі арынды сораптар компоновкалары құрылған
     Батырмалы қондырғы стационарлы немесе салынбалы арынды сорап,
пакерлі бірқатарлы құбыр тізбегі немесе екіқатар лифтен тұрады. Ұңғыма
сағасы ұңғыда жұмыс сұйығының циркуляция сұлбасын өзгертуге (сынбалы
сорапты түсіру немесе көтеру кезінде) мүмкіндік беретін 4 жүрісті кранмен
жабдықталады.
     Арынды сораптың сұлбасы және жұмыс істеу принципі
     Арынды сорап былайша айтқанда кәдімгі сорап сияқты шығару жерінде
артық арынды құрмайды. Арынды сорапта гидравликалық энергияны екі есе
түрлендіру болады. Жұмыс сұйықтау потенциалды энергиясы алғашында
кинетикалық энергияға сұйыққа инжектрленген арынды орналастырудың
арқасында ауысады. Араласқан сұйық (жұмыс және инжектерленген) арала-
су камерасынан өтіп, диффузорға түседі. Онда араласқан арынның түрленген
кинетикалық энергиясы потенциалды энергияға ауысады.
     Арынды сораптың принципиалды сұлбасы 6.7-суретте келтірілген. Со-
рап келесі негізгі элементтерден тұрады: жұмыс агентін жеткізу каналы (1),
белсенді сопло (2), инжектрлі сорапты жеткізу каналы (3), (осы каналды көбінесе
қабылдау камерасы деп атайды), араластыру камерасы (4) және диффузор (5).
     Арынды сорап келесідей жұмыс жасайды: өте жоғары потенциалды энергия-
мен жұмыс агент соплоға келеді, мұнда потенциалды энергия кинетикалыққа
ауысады.
     Соплодан жұмыс агенті шығын қабылдау камерасында қысымды
төмендетеді, осыдан инжектерлі сұйықтың бөлігі (ұңғы өнімі) жұмыс агентінің
арынымен араласып, орналасу камерасына түседі.

         341

МАЗМ¦НЫ
   336   337   338   339   340   341   342   343   344   345   346