Page 343 - indexf
P. 343

Қарастырылған тандемді қондырғылар батырмалы қондырғыларды қолдану
аймағын кеңейтеді, ал қосымша арнайы қондырғылар (мысалы, газосеператор-
лар) энергияны сақтаушы болып келеді.

     Пайдаланудың осы әдісі қайраңды кен орындарды игеруде негізгі болып
келетіні мәлім.

     Батырылмалы ортадан тепкіш электрсораптарды пайдалану
     Штангелі сораптардың өнімділігінің аз болатындығына және қондырғыға
күрделі жабдықтарды қажет ететіндігіне байланысты, сонымен бірге терең
ұңғыларға жіберілген штангалердің жиі үзілу қаупінің болуы және т.б. осын-
дай кемшіліктері, штангелі сорапты қондырғыларды кері ауқымда пайдалануды
азайтады.
     Сондықтан соңғы жылдары мұнай ұңғыларын пайдалануға арналған
штангасіз сораптар қолданыла бастады, оның ішінде кәсіпшілікте кең тараған,
өте үлкен тереңдіктен мұнайды көтеру үшін жеткілікті жоғарылықты тудыра
алатын батырылмалы ортадан тепкіш электросорап кондырғысы (БОТЭСҚ)
қолданылуда (13.1-кесте). Бұрынғы КСРО кезінде барлық өндірілген мұнайдың
50%-дан астамы осы сораптардың үлесіне тиді.
     13.9-суретте ұңғыманы БОТЭСҚ-ның көмегімен пайдалану үшін
жабдықгарды жинастыру сызбасы көрсетілген. Батырылмалы ортадан тепкіш
электросорап қондырғысы: майтолтырылған батырылмалы үш фазалы ток-
ты электроқозғалтқыштан (БЭҚ) (2), протектордан (3), ортадан тепкіш со-
раптан (5) тұрады. БЭҚ-тың төменгі бөлігіне компенсатор жалғанған.
Электроқозғалтқыштың білігі сорап білігіне протектр (электроқозғалтқышты
қабат сұйығының енуінен қорғайтын гидроқорғау қызметін атқарады) арқылы
шлицті муфталардың көмегімен жалғанған. Сұйық қабылдау сеткасы (4)
арқылы сорылады және сораппен (5) айдалып СКҚ (6) бойымен жоғарыға
шығады. Саға, фонтандық түрдегі арматурамен (9) саңылаусызданады (герме-
тизацияланады). Батырмалы электросорапты энергиямен қамтамасыз ету үшін
брондалған үш желілі кабель (7) тағайындалған. Сорапты түсіру барысында
кабельді кұбырларға белдіктермен (8) бекітеді. Сорапты көтеру кезінде кабель
барабанға (10) оралады. Басқару станциясы (11) агрегатты қолмен немесе авто-
матты іске қосып, оның жұмысын бақылап тұруға мүмкіндік береді.

                                                                                   13.1-кесте.
Батырмалы ортадан тепкіш электросорап қондырғысының сипаттамасы

                  Номи-           Ұсынылатын жұмыс        Сорап
                  налды                    аумағы
                 бергішті
    Қондырғылар    м3/т    Ағыны  Бергіштігі Ағыны  ПӘЕ,  Сатылар
        шифры                 м   Q м3/тәу Н,м.       %   саны/сек
                     40                              43    циялар
УПЭЦН 5-40-1750             1800       20-70  1850
                                              1350          саны
                                                            349/3

                                  343

МАЗМ¦НЫ
   338   339   340   341   342   343   344   345   346   347   348