Page 337 - indexf
P. 337

Фонтанды арматуралар (13.3-сурет) крестпішінді және үшжақты болып
дайындалады. Ол құбыр басы және фонтанды шыршадан тұрады. Құбыр басы
сорапты-компрессорлы құбырларды ілу және құбырлар арасындағы кеңістікті
герметизациялауға арналған. Фонтанды шырша ұңғы өнімін лақтыру желілеріне
бағыттауға, ұңғы жұмысын бақылау және реттеуге арналған. Фонтанды шырша-
да екі немесе үш лақтыру желілері болады. Үшжақты арматурада артықшылығы
төменгі лақтыру желісі. Жұмыс желіде (жоғарғы) жабу құрылғы әрдайым ашық
болуы керек, ал артықшылығы – жабық болу керек.

      13.3-сурет. Газлифтілі ұңғы
1 – өндірілетін газ; 2 – айдайтын газ.

     Оқпанды жабу құрылғылары ашық болу керек. Фонтанды арматура
оқпанның төменгі жағында орналасқан жабу құрылғы – негізі деп аталады.
Үшжақты арматурада лақтыру желілері бір жаққа бағытталған. Фонтанды ар-
матураны таңдау кезінде, крестовиналар үшжақтыларға қарағанда, құммен тез
желінетінін ескеру қажет.

     МЕСТ 13846-74 сәйкес фонтанды арматуралар 70, 140, 210, 350, 700 және
1000 кг күш/см2 жұмыс қысымына шығарылуы тиіс. Жабу құрылғылар армату-
рада екі түрлі: ысырма түрінде немесе кран түрінде болады. Арматураның түрін
ұңғыма сағасында мүмкін болатын ең үлкен қысым бойынша таңдайды.

     Лақтыру желілерде жабу құрылғылардан кейін кейбір жағдайларда фонтан-
ды ұңғы режимін реттеу үшін штуцерлер орнатады. Штуцерлер дөңгелек тәрізді
ортасында тесігі бар құрылғы.

     Арматурада фонтанды ұңғы жұмысын бақылау үшін екі манометр: бірі –
буферде, екіншісі – құбыр басы крестовигінің кірісінде (құбыр сыртындағы
қысымды өлшеу үшін) қондырады.

         337

МАЗМ¦НЫ
   332   333   334   335   336   337   338   339   340   341   342