Page 336 - indexf
P. 336

Ұңғының өнімін көтеру үшін пайдаланатын энергетикалық көздердің
сұлбасын 13.2-суреттен көруге болады. Қарастырылған сұлба тек қана класси-
фикациялы түрде қарастырылады.

     Ұңғы өнімнің жер бетіне көтерілуі тек қана қабат энергиясының есебінен
болатын пайдалану тәсілді фонтанды пайдалану тәсілі деп атайды.

13.2-сурет. Фонтанды арматура:
а – крест пішінді; б – үш жақты

     Егер қабат және түп қысымдар арасындағы қысым айырымы сұйық
бағанасының қарсы қысымы және үйкеліске кететін қысым шығындарынан
асатын болса ғана ұңғының фонтандауы болады, яғни фонтандау сұйықтың
гидростатикалық қысым немесе кеңейген газ энергиясының әсерінен болады.
Көп ұңғылар газ энергиясы және гидростатикалық арынның берігу есебінен
фонтандалады.

     Мұнайда болатын газдың көтергіш қабілеті бар, ол мұнайға қысым көрсету
формасында білінеді. Мұнайда газ неғұрлым көп болған сайын, коспаның
тығыздығы аз болып, соғұрлым сұйық деңгейі жоғары көтеріледі.

     Фонтанды ұңғылар жабдығы
     Фонтанды пайдалануда ұңғының түбінен сағасына дейін газмұнайлы
қоспаның көтерілуі ұңғыға меңгеруге дейін түсірілетін сорапты-компрес-
сорлы құбырлар тізбегі арқылы болады. Газ энергиясын тиімді пайдала-
ну, құм шығаруды жақсарту, газ сырғанауынан шығындардың азаюы және
қабат қысымдарында фонтандаудың мүмкіндігін сақтау үшін олардың түсіру
қажеттілігін тудырды.
     Ұңғы сағасына әртүрлі үшжақтар, крестовиктер және жапқыш
құрылғыларының қосылыстарынан тұратын фонтанды арматураны орнатады.
Бұл арматура сорапты-компрессорлы құбырларды ілуге, құбырлармен шеген-
деу тізбек арасындағы кұбыраралық кеңістікті герметизациялау, фонтанды ұңғы
жұмысын бақылау және реттеу үшін тағайындалған.

         336

МАЗМ¦НЫ
   331   332   333   334   335   336   337   338   339   340   341