Page 355 - indexf
P. 355

Күштерді теңестіру үшін бір бағытта және сол бағытта кері айналатын бірақ
әртүрлі (оң және сол) бағыттағы спиралдары бар екі бұранда қарастырылған.
Сұйық одан әрі сорап тұлғасы мен оның құрсауы арасындағы сақиналы саңылау
бойымен СКҚ-ға көтеріледі. Сорапты түсіру кезінде СКҚ сұйықпен толып
қалады және көтеру уақытында оны ұңғымаға ағызу арнайы клапан көмегімен
іске асады. Сорапты жетектеу үшін айналу жиілігі азайтылған батырылмалы
электрқозғалтқыш (БЭҚ) тағайындалған. Ол трансформатордан кабель арқылы
қуат алған және гидроқорғаумен жабдықталған. Оның жұмысын бақылап отыру
үшін басқару станциясы қызмет істейді.

     Бұрандалы сораптар сұйық құрамындағы газға деген сезімталдығы төмен,
жоғары тұтқырлықты мұнайды соруға қабілетті. Электрбұрандалы сорап (баяу
жүрісті) ЭВНТ5А-100 м болған кезде 100 м3/тәу. өнім бере алады.

     Ағынды сорап (13.15-сурет) саптамамен (2) жалғасқан СКҚ (1) айдайтын
жұмысшы сұйығының (су немесе мұнай) ағыны әсерінен жұмыс жасайды.

     Саптаманың жіңішке қимасынан жүріп өткен кезде ағын, диффузор (4)
алдында үлкен жылдамдыққа ие болады және соның әсерінен каналдарда (3)
қысым төмендейді. Бұл каналдар сораптың (5) қуысы арқылы, пакер астындағы
кеңістікпен 6 және қабатпен байланысқан бұл жерде қабат сұйығы сораппен
сорылып және араластырғыш камерасында жұмысшы сұйығымен араласа-
ды. Сұйық қоспасы одан әрі сораптың сақиналы кеңістігі бойымен қозғалады
және СКҚ-ға айдалатын жұмысшы сұйығының қысымы әсерінен құбыраралық
кеңістік бойымен (сорапты екі құрама қатарлы құбырға түсіреді) жоғарыға
көтеріледі. Сорапта қозғалыстағы бөлшектер болмайды, тұтқырлығы жоғары
сұйықтарды соруы мүмкін және күрделі жағдайларда пайдаланылады (қабат
сұйығының температурасы жоғары болғанда, өнім құрамында құм мен еркін
газдың мөлшері едәуір көп болған жағдайда және т.б.).

13.16-сурет. Дірілдеуіш сораптың сызбасы

         355

МАЗМ¦НЫ
   350   351   352   353   354   355   356   357   358   359   360