Page 357 - indexf
P. 357

Штангалы сорапты ұңғымалардың көбiсi (95%) теңселме –станоктармен
СКН-3 пайдаланылады, сонымен қатар СКН-2, СКН-5, СКН-6 және СКН-10
қолданылады.

     1962 жылдан бастап “Артемнефтегаз” МГӨБ-да тұңғыш рет алаңды
үнемдеу және жабдықтарды ұтымды орналастыру үшiн екi балансирлi
теңселме-станоктарды қолдана бастады, бұған себеп бұрғылаудың шоғырлама
тәсiлi едi. Шоғырланған теңiз ұңғымаларының өзiндiк ерекшелiгi олардың
көлбеулi бағытталуында, бұл тұрақты платформалардың алаңы шектелген не-
месе эстакадалық алаңы бар ұңғымалардың көбiсiн бұрғылану қажеттiлiгiмен
себептеледi. Соған байланысты ұңғымалық штангалық сорапты қондырғыларды
енгiзудiң 1-шi кезеңiнде бiрқатар қиыншылықтар туындады. Соның iшiнде,
штангалық муфталар үйкелiсiнен пайда болатын жер асты жабдықтың то-
зуы көлбеу-бағытталған ұңғымаларда вертикалды ұңғымаларға қарағанда
тезiрек жүредi. МГӨБ-ң көлбеу штангалық сорапты ұңғымалар жұмысының
статистикалық бағалануы ұңғымалық сорап берiлуiнiң төмендеуiн көрсеттi.
Сонымен қатар, 750-800 м бастап, сорап алқасының тереңдiгi үлкейгенiмен,
көлбеу ұңғымаларында вертикалды ұңғымаларға қарағанда, ағымдағы жөндеу
саны анағұрлым қарқынды өседi, ал алқа тереңдiгi 750 м-ге дейiнгi ұңғымаларда
мұндай айырмашылық байқалмайды. Алқа тереңдiгiне тәуелсiз, бүкiл жұмыс
iстеп тұрған ұңғымалар қоры бойынша, оларды эргазлифтпен пайдалану перио-
дымен салыстырғанда, орташа тәулiктiк шығымның және жалпы жылдық мұнай
өндiрудiң күрт төмендеуi байқалады. Бұл жөндеу жиiлiгiнiң жоғарылауымен
және жөндеу аралық периодтың қысқартылуымен есептеледi. Одан басқа, мұнай
өндiрiлуiнiң төмендеуiнiң бiр себебi, құм түзiлуiмен күресу үшiн ұңғымалардан
сұйықтық алынуының төмендеуi.

     “Артемнефтегаз” МГӨБ-да эрлифт ұңғымалары бойынша жөндеу аралық
период 243,7 тәулiктi құрайды, ал ШҰС-мен пайдаланылатын ұңғымаларда –
66,1 тәулiк. Орташа пайдалану коэффициентi – 0,953 (Артем түбегi құрлығында
пайдаланылатын вертикалды ұңғымаларды қосқанда). Ұңғымалардың жөндеу
аралық периодының ұзақтылығына штангалық муфталардың тозуы негiзгi әсерiн
тигiзедi, соның салдарынан штангалардың үзiлу жиiлiгi артады. Штангалық
муфталардың анағұрлым қарқынды тозуы ұңғыма оқпанының қисаюының өсуi
учаскелерiнде жүредi.

     Белгiлi болғандай, “Артемнефтегаз” МГӨБ-да көлбеу ұңғымаларында, вер-
тикалды ұңғымалармен салыстырғанда, басқа да тең жағдайларда жер асты
жөндеу ұзақтылығы 42%-ке жоғарылайды.

     Сөйтiп, вертикалды ұңғымалар бойынша бiр ұңғыма-айға ағымдағы
жөндеудiң 1,85-i келедi, ал көлбеу бойынша – 2. Вертикалды ұңғымалар бо-
йынша бiр ұңғыма-жылға күрделi жөндеудiң 0,25-i өткiзiлдi, электроэнергия
шығындары 20-25%-ға артады.

     Келтiрiлген талдауға қарап, көлбеу-бағытталған теңiз ұңғымаларында мұнай
өндiру тәсiлiн таңдау кезiнде өндiрiлетiн мұнайдың өзiндiк бағасының күрт

         357

МАЗМ¦НЫ
   352   353   354   355   356   357   358   359   360   361   362