Page 356 - indexf
P. 356

Дірілдеуіш сораптар (13.16-сурет) дірілдеткіш тудыратын құбырлар
тізбегіндегі сұйықтардағы серпімді деформация әсерінен ұңғыдан сұйықтарды
көтеруге арналған. Дірілдеткіш осьтен ауытқып отырғызылған біліктегі
жүктерден тұрады, олардың айналуы кезінде серіппеге (2) ілінген көтергіш
құбырдың (3) жоғарғы бөлігі қайтымды-түсірілетін қозғалысқа келтіріледі.
Әрбір құбырда жоғары қарай ашылатын тарелка тәрізді клапан (4) орнатылған.

     Кұбырлар тізбегі дірілдеген кезде кезеңдік заңы бойынша сұйықтың
инерциялық күштері ауырлық күшімен бірге клапандардың жылжуына әкеледі.
Егер жоғарыға қарай бағытталған инерция күштері сұйықтың ауырлық күшінен
басым болса, онда клапандар ашылады да сұйықтарды жоғары қарай жібереді,
егер де осы күш төмен бағытталса, клапандар жабылады. Өнімнің құбыр бойы-
мен клапаннан клапанға дейін көтерілуі осылайша жүреді. Тербеліс амплитуда-
сы әдетте, 5-тен 20 мм құрайды, ал олардың жиілігі – 1 минутта 600-ден 1200-ге
дейін жетеді.

           13.3 Ұңғымаларды пайдаланудың механикаландырылған
                                             тәсiлдерi

     ВПО “Каспморнефтегазпром” теңiз өндiрiстік орындарында iстеп тұрған
ұңғымалар қорының 75%-ға жуығы механикаландырылған тәсiлмен пайдаланы-
лады. Оларға ұңғымаларды штангалық ұңғыма сораптармен, плунжерлi лифтi-
мен (көтергiш), ортадан тепкiш және гидропоршеньдi сорапты қондырғылармен
пайдалану тәсiлдерi кiредi.

     13.3.1 Теңiз ұңғымаларын штангалық сорапты
           қондырғылармен пайдаланудың жағдайы

     Штангалық сорапты пайдалану алғашында 1945 жылы “Артемнефтегаз”
МГӨБ-да Дарвин теңiз кен орнында қолданылады. Алғашында ұңғымалар
бөлек тұрақты платформаларда орналастырылған, сол себептi олардың қызмет
көрсетiлуi, ағымдағы және күрделi жөнделуi жағымсыз гидрометеорологиялық
жағдайлар әсерiнен қиындатылады. Эстакадалар жүйесiнiң құрылысынан
кейiн бөлек платформалар негiзiнен соған қосылған. Нәтижесiнде ауа райы
жағдайларына тәуелсiз ұңғымаларға күнделiктi қызмет көрсетiледi.

     Қазiргi уақытта “Артемнефтегаз” МГӨБ-да ұңғымалардың едәуiр бөлiгi
штангалы сорапты қондырғылармен (ШСҚ) пайдаланылады. Ұңғымалардың
көбiсi – көлбеулi-бағытталған тереңдiгi 600-ден 1500 м дейiн (Дарвин және Ар-
тем кен орындарында) және 1700-ден 2000 м-ге дейiн (Гюргяны теңiз кен ор-
нында). Кенiштiң үлкен емес тереңдiктерi кезiнде ұңғымалар 28, 32, 43 мм-лi
салынбайтын сораптармен пайдаланылады. Гюргяны теңiз алаңында салынба-
лы диаметрi 56 және 70 мм ұңғымалы сораптар қолданылады.

         356

МАЗМ¦НЫ
   351   352   353   354   355   356   357   358   359   360   361