Page 359 - indexf
P. 359

м-лiк ұңғымаға түсiрiлдi және оның жұмысына бақылау жүргiзiлдi. Тек бiр ғана
төменгi беру клапанның осiнiң еңкеюi үшiн арнайы құрылғы құрылған бола-
тын. Ол үшiн арнайы 25, 45, 60 бұрышқа иiлген келте құбырларды сораптың
төменгi муфтасына бұрандалды, ал келте құбырлардың төменгi жақтарына
зауытты түрдегi қабылдау клапандары бұрандалды. Теңселмелі-станокты
жұмысқа iске қосу мезетiнде, сұйықтық бұрышпен орнатылған қабылдау кла-
паны арқылы ұңғымадан сорап цилиндрiне сорып алынды, ал одан кейiн ай-
дау клапаны бар көлденең плунжермен жер бетiне шығарылды. Қабылдау
клапанның көлбеулiлiгiнiң түрi бұрыштар мәндерiнде ұңғымалық сорапты
берiлу өлшемдерiнiң бiрнеше тәжiрибелерi жүргiзiлдi. Клапан көлбеулiлiгiнiң
бұрышы жоғарылаған сайын көлбеу бұрышы 15, 45, 60 болғанда, сәйкесiнше, 10,
25, 40%-ға; бұл қабылдау клапанның вертикалды орналастыру кезiнде сораптың
берiлуiмен салыстырғанда сорап берiлуi төмендейдi.

     Ұңғыма оқпанының ауытқуы 15º-ты құрайтын болса, онда берiлудiң
төмендеуi 15-20%-ға жетедi. Бұл сораптың көлбеу ұңғымаларында жұмыс
iстеуiн нашарлатады.

     13.3.3 “Артемнефтегаз” МГӨБ-да мұнайды штангалы сорапты
           өндiрудiң автоматтандырылуы және телемеханизациялануы

     Мұнай мен газ өндiрудiң технологиялық үдерістердiң автоматтандырылуы
және телемеханизациялануы, басқару жүйелерiн жасау және енгiзу мұнай-газ
өндiру кәсiпшiлiгiнiң ғылыми-техникалық прогресiнiң аса маңызды бағыты
болып табылады. Аспаптар мен автоматты технологиялық үдерістердi үздiксiз
басқаруына, ұңғымалар мен қондырғылардың жұмысын бақылауға, мұнай мен
газды өндiрудiң режимдiк параметрлерiн бақылауға көмектеседi.

     Теңiздегi мұнай және газ өндiрiсi толық және сапалы автоматтандырылуы
және телемеханизациялануын аса қажет етедi; оның себебi бұл өнеркәсiптiк
қызмет көрсетудiң жаға базаларынан алшақ кәсiпшiлiк жұмыс iстеуiнiң ав-
тономды жағдайларымен, мұнай және газды өндiру қондырғылары мен
технологиялық үдерістерiнiң бақылау мен басқаруын қиындататын күрделi,
жағымсыз гидрометеорологиялық жағдайлармен себептеледi. Қазiргi уақытта
теңiз кәсiпшiлiктерi келесiдей автоматика және телемеханика жүйелерiмен
жабдықталған: ЧТП, АГМ, Каспий және т.б.

     13.3.3.1 ЧТП жүйесi

     Аталған жүйелердiң ең алғашқысы ЧТП жүйесi болып саналады. Ол “Не-
фтеАвтомат” НИПИ-де құрастырылған және “Артемнефтегаз” МГӨБ-да теңiз
кәсiпшiлiктерiнде кең таралған.

     Жүйе келесi операцияларды көздейдi: орындаушы пунктердi таңдау;
телебақылау; телединамометрлеу, теңселме-станоктар қозғалқыштарын
басқару; ұңғыма теледабылы (жұмыс iстеп тұрғаны, iстемегенi); апаттық дабыл;

         359

МАЗМ¦НЫ
   354   355   356   357   358   359   360   361   362   363   364