Page 358 - indexf
P. 358

өсуiне әкеле алатын факторларды мұқият ескеру қажет. Көлбеу ұңғымаларында
штангалық муфталардың, штангiлердiң және СКҚ тез тозуының негiзгi факто-
ры қондырғының жұмыс iстеу үдерiсiнде пайда болатын үйкелiс күштерi болып
табылады.

     “Артемнефтегаз” МГӨБ ұңғымаларының инклинограммалары мәлiмметерi
бойынша барлық бұрғыланған көлбеу ұңғымаларында ШСҚ-ң жұмысына едәуiр
ықпалын тигiзетiн қисықтар бар. Сөйтiп, соңғы жылдары айқындалғандай,
көлбеу ұңғымаларында тек құбырлар мен штангалар ғана емес, сонымен қатар
шегендеу тiзбегiнiң өзi де СКҚ тiзбегiнiң қайтымды-iлгерiлмелi қозғалысы
әсерiнен тозуға ұшырайды. Бұл себептен тiзбектiң дефектiсiнiң пайда болу
мерзiмi ұңғымаларды штангалы сорапты пайдалануға аударғаннан кейiн 15-
20 жылды құрайды. Муфталар мен құбырлардың тозу қарқындылығына ай-
далатын сұйықтықтардың физикалық-химикалық қасиеттерi, сонымен қатар
механикалық қоспалардың мазмұны мен фракциялық құрамы үлкен ықпалын
тигiзедi. Мысалы, муфта теңiз суында қабат сұйықтықтарына қарағанда
тезiрек тозады. Егер муфтаның қатты суда тозуының жылдамдығын шартты
түрде бiрлiк ретiнде алатын болса, онда теңiз суында тозу – 3,8, сiлтi суында
– 2,6, ас суында – 1,5 есе үлкен, ал мұнайда – 2-ден 10 есеге дейiн аз. Осыдан
шығатыны, ұңғымаларды теңiз суымен жуу және күрделi жөндеу кезiнде суға
БӘЗ-ді қосу қажет. Ұңғыма өнiмiне БӘЗ-ді эмульсиялық мұнайды айдау кезiнде,
су дисперстiк орта болғанда қосылады, себебi бұл жағдайда құбыр және штан-
галар бетiнен қабат суымен мұнайдың толық жуылып кетуi жүредi. Ол құбыр
мен штангалар арасындағы үйкелiс күшiнiң артуын қоздырады. Егер дисперстiк
орта ретiнде мұнай болатын болса, әсiресе тұтқыр және белсендi, онда жұптар
бетiндегi үйкелiс күшi аз болады.

     Көлбеу ұңғымаларында жұмыс iстейтiн ШСҚ пайда болатын үйкелiс
күштерiнiң iс-әрекетi балансирдiң жоғары жүрiсi кезiнде жүктелудi арттыра-
ды, ал төмен жүрiсi кезiнде кемiтедi. Бұл штангалар тiзбегiндегi келтiрiлген
кернеудiң едәуiр өсуiне әкеп соғады және олардың жұмысын нашарлатады. Осы
себептерден штангалардың жиi үзiлiсi және өзге де қиыншылықтар пайда бола-
ды.

     13.3.2 Ұңғыма оқпанының қисаюының ШСҚ-ның беруiне әсерi

     Көлбеу бағытталған ұңғымалары үшiн сораптар көлденең ұңғымасы үшiн
сияқты таңдалады. Таңдаған кезде сорап алқасының тереңдiгi, ұңғыманың
өнiмдiлiгi, теңселме-станоктың қуаты ескерiледi. Ұңғыманың қисаюы
ескерiлмейдi. Өзге тең жағдайларда, ШҰС берiлуi шариктi клапанның жиегiне
дұрыс отырғызуына байланысты, ал ұңғыма оқпанының қисаюының себебi
шариктiң оның симметриялық орналасуынан ауытқуы бұл сораптың берiлуiн
төмендетедi. Бұл фактордың әсерi көлбеу ұңғымаларда ШҰС жұмысының
кәсiпшiлiк мәлiметтерi бойынша белгiлi болды, сонымен қатар стендтiк
құрылғыда модельдендi. Сериялық өндiрудiң сорабы стендтiк вертикалды 10

         358

МАЗМ¦НЫ
   353   354   355   356   357   358   359   360   361   362   363