Page 360 - indexf
P. 360

екiжақты телефонды байланыс. Жүйе үш желiлiк (бiреуi жерге) байланыс желiсi
пайдаланылады, 24 ұңғыма бiр шоғырға бiрiктiрiледi. Жалпы үш бағытты еске-
ре отырып, диспетчерлiк пункттiң сыйымдылығы 192 ұңғыма, көлемдi таңдау
үшiн дабыл деңгейi И=36 В болатын 80-нен 1870 Гц-ке дейiнгi диапазон жиiлiгi
қолданылады.

     Телемеханика құрылғысы басқару пунктiнен (БП) және бақылаушы пункт-
тер (БП) құрылғысының кешендерi. Әрбiр диспетчерлiк пунктке фидер (бағыт)
бойынша 24 бақылаушы пункттер қосылуы мүмкiн. Телемеханика жүйесiнiң
жұмысы үшiн ауа немесе кабельдi байланыс желiлерiн қолданады. ЧТП жүйесiнiң
жаңартылған түрiнде бақылаушы пункттердiң екi түрi қарастырылған: ұңғымаға
және топтап өлшейтiн қондырғыға қызмет көрсету. Ұңғымаларға қызмет ететiн
телемеханика құрылғыларының және бақылау пункттер датчиктерiнiң тұтыну
көзi – басқару пунктiмен ортақтандырылған, ал өлшеу қондырғыларында –
жергiлiктi. Бақылаушы пункт басқару пунктiнен басқару объектiлерiне жiберiлген
командаларды қабылдайды және декодирлейдi, сонымен қатар күй өзгерiсi ту-
ралы немесе технологиялық үдерістер параметрiнiң шектi мәндерiне жеткенде
апат сигналдарын жiбередi. ЧТП жүйесiнде байланыс желiсiнiң екi өткiзгiштiк
өткiзгiш нөмірiмен бiрлесе сигналдарды кодирлеудiң жиiлiк-полярлық әдiсi
қолданылады. Әрбiр фидер өткiзгiштердiң бiреуiмен және жермен екi тәуелсiз
А-Б тiзбегiн құрайды. 20 бақылаушы пункттер 10 бақылаушы пункттерден 2
топқа бөлiнедi, бiр топ А тiзбегiне, басқа топ Б тiзбегiне. А тiзбегiн БП-ң таңдау
торабы (жиiлiк таңдаған) қосылады, ао Б тiзбегiн телебасқару, (ТБ); телесиг-
нализация (ТС) және телеөлшеу (ТӨ) операциялары үшiн қолданылады. Әрбiр
БП белгiлi бiр жиiлiкпен кодирлейдi. Әрбiр бағыт үшiн БП-ның таңдау торабы
қосылған өткiзгiштi шартты түрде А өткiзгiш деп атайды. Сондықтан бiр бағытқа
қосылған БП 1-шi және 2-шi ондықтар топтары үшiн А және Б өткiзгiштерi
өзiнiң тағайындалуын ауыстырады. Сол себептi, бiрiншi ондықтың А өткiзгiшi
екiншi ондықтағы Б өткiзгiшi ретiнде жұмыс атқарады, және керiсiнше, бұл екi
БП үшiн түрлi ондықтардан бiр кодтық жиiлiктi пайдалануға мүмкiндiк бередi.

     13.3.3.2 АГМ-2 топтық өлшеу қондырғылары

     АГМ-2 мұнай және газ ұңғымаларының дебитiн автоматты өлшеу жүйесi
“Нефтехимавтомат” НИПИ-мен құрылған. Ол топтық өлшеу қондырғыларында
шығымның өлшеуiн автоматтандыруға және телемеханикаландыруға мүмкiндiк
бередi. Топтық өлшеу қондырғыларының түрлi типтерiнiң келесi функ-
ционалды тораптары бар: ауыстыру блогы, ол берiлген бағдарлама бойын-
ша әрбiр ұңғыманы жота арқылы өлшеу блогына қосады; әрбiр ұңғыманың
шығымын өлшеуi үшiн өлшеу блогы; ол айырғыштан және өлшеуiш дебитомер
құрылғыдан тұрады; ұңғымаларды өлшеуге аудару үшiн өлшеу құрылғысының
жұмысын есепке алу және апатты режимдер кезiнде топтық қондырғының
автоматты қорғанысына арналған автоматты және басқару блогы. Бiр АГМ-2
(13.17-сурет) қондырғысына (8)-ден (12)-ге дейiн ұңғымаларды қосуға бола-

         360

МАЗМ¦НЫ
   355   356   357   358   359   360   361   362   363   364   365