Page 361 - indexf
P. 361

ды. Өлшеу нәтижелерi автоматты түрде диспетчерлiк пунктте берiледi. Өлшеу
айырғышында (8) мұнай және су деңгейiн өлшеу датчигi (13) орнатылады.
Топтық қондырғысына әрбiр ұңғымаларды айырғышқа қосу үшiн мембранды
атқару механизмi бар (8)-(12) таралу клапандары (17) қондырылады. Бұдан
бөлек, оған қондырғыны басқарудың электрлiк блогы (6), пневматикалық тара-
лу блогы (3), айырғыштағы сұйықтық деңгейлерiнiң нөлдiк (14) және апатты (7)
сигнализаторларды және электр тұтыну блогы (5) қондырылады. Сәйкес атқару
механизмнiң мембранды ұшына сығылған газды беру кезiнде таңдалған ұңғыма
(2) жалпы коллектордан (1) айырылады және өлшеу айырғышына қосылады.
Сонымен қатар, қондырғыда айырғыштан сұйықтың ағызуын басқаратын мем-
бранды атқару механизмi (15) бар.

     Тарату клапандарының мембранды атқару механизмi (МАМ) пневматикалық
таратқышпен (3) басқарылады, оның сильфонды жетегiшi электропневматикалық
клапан (16) арқылы жүзеге асырылады. Соңғысы, электрлiк импульстi қабылдап,
пневматикалық қадамды таратқышты (ПҚТ) бiр жағдайдан екiншi жағдайға ау-
дарады, ПҚТ-да қосылған ұңғыма санына байланысты (16) немесе (24) жағдайы
бар, оның сегiзi айырғышында қосылуына сәйкес және сегiзi – айырғыштың
босатылуына. Ұңғыманың айырғышқа қосылуының бiрiздiлiгi бастапқыда
таңдалған МАМ және ПҚТ клапандарының қосылу кезекшiлiгiне байланыс-
ты. Айырғыштан түсiру желiсiне орнатылған МАМ клапаны, ПҚТ-мен және
электропневматикалық клапанмен 4 басқарылады.

13.17-сурет. АГМ қондырғысының сұлбасы

         361

МАЗМ¦НЫ
   356   357   358   359   360   361   362   363   364   365   366