Page 363 - indexf
P. 363

жүзеге асады. Контактiлердiң тұйықталу және тұйықсыздануымен диспетчерлiк
пунктке сигналдар жiберiледi.

     Өлшеу айырғышына электропневматикалық таратқыш (ЭПТ) және МАМ
крандары көмегiмен бұл топтық қондырғыға сегiз ұңғыманың бiреуi қосылуы
мүмкiн. ЭПТ электромагнитына импульс берiлген кезде өлшеу үшiн келесi
ұңғыма қосылады. Электромагниттi клапан (ЭМК) жинақтаушы коллекторды,
айырғыштың шығару желiсiмен бiрiктiретiн МАМ клапанының мембранды ба-
сына ауа берiлуге арналған.

     Айырғыштың босатылу мезетi КВО контактiсiнiң тұйықсыздануымен
айқындалады. Барабанды (2) айналдыратын синхронды электроқозғалтқыш
КВР соңғылық сөндiргiшi көмегiмен тоқтатылады. Деңгей өлшену және
көрсеткiштердiң берiлуi “уақыт-импульс” әдiсiмен жүзеге асырылады. Пункт
басынан “су деңгейi” сигналынан қабылдағанға дейiнгi уақыт аралығы су
бағанасының биiктiгiн анықтайды, ал “су деңгейi” және “мұнай деңгейi” сиг-
налдары арасындағы уақыт – трап iшiндегi мұнай бағанасының биiктiгi.
Диспетчерлiк пункттен (ДП) өлшеу айырғышы жиiлiктi әдіспен таңдалады.
ДП-тан келетін желіге өлшеу қондырғысы қосылған және оның өзінің жиілігі
бар. ДП-тан белгілі бір жиілікпен сигнал арқылы, топтық қондырғының ДП-та
құрастырылған өлшеу аспабына қосылуы жүзеге асырылады. Сәйкес жиілікті
сигнал, ДП-тағы бағдарламалы құрылғымен жіберіледі. Ұңғыманың айырғышқа
қосылу уақыты, өлшеуі және оның босатылуы, сонымен қатар айырғыштардағы
деңгейдің өлшеу бірізділігі бағдарлама қондырғысымен бекітіледі.

     Әр ұңғыманың шығымын есептеу үшін таңдап алынған ұңғыма кіретін
топтық қондырғы сепараторының телемеханика блогы, бағдарламалық қондырғы
жиілігіне импульсті жібереді. Бұл импульс ПШР-ді “толтыру” жағдайына
келтіреді. Бұл кезде сығылған газ ПШР арқылы таңдалған ұңғыманың тарату-
шы клапанының МИМ-не келеді және одан сұйық өлшегіш сепараторға келіп
түседі.

     Берілген уақыт аяқталған соң бағдарламалық қондырғы ұңғыманы траптан
сөндіріп, жалпы коллекторға қосады. Сепараторға сұйық ағып, оны толтырады.
Сонан соң автоматты түрде телеөлшегіш қондырғы қосылып, сепаратордағы
су мен мұнай деңгейін өлшейді. Сол кезде регистратор сепаратормен ұңғыма
нөмірлерін басып шығарады. Мұнай мен су деңгейін өлшегеннен кейін,
сепаратордағы сұйық жалпы коллекторға ағызылып, ұңғыма дебитін өлшеу
циклі аяқталады. АГМ жүйесінің көп жылдық қолданылуы, оның жоғары сапа-
лы екенін көрсетті.

     Соңғы кезде Нариманов Н. атындағы, Серебровский А. атындағы, “Ар-
темнефтегаз”, “Нефтяные камни” МГӨБ-да,”Нефтехимавтомат” НИПИ-нің
қызметкерлері құрастырған, “Каспий” телемеханика жүйесі енгізіле бастады.

     “Каспий” телемеханика жүйесі: екіпозициялық кешендерді телебасқару,
технологиялық параметрлерді телеөлшеу, кешендердің жағдайының телесиг-
нализациясы және өлшегіш қондырғылардың топтарынан (ГЗУ) жиналатын

         363

МАЗМ¦НЫ
   358   359   360   361   362   363   364   365   366   367   368