Page 362 - indexf
P. 362

Диспетчерлiк пунктте басқару пультi (12), бағдарламалық құрылғы
(10), шығымды тiркеуiн (11) және тiркелген жиiлiктер генераторы (9)
орналастырылған. Өлшеу айырғышына 1) магниттi емес материалдан жасалған
құбыр (4) түсiрiлген. Құбыр бойымен екi қалтқы (поплавок) (8) және (10)
жүредi, оларға магниттер (9) және (7) қондырылады. Қалтқы тығыздығы (8)
мұнай тығыздығынан кем, сондықтан ол бет үстiнде қалқып жүредi. Қалтқы
тығыздығы оған суда жүзуге, бiрақ мұнайда батырылуға мүмкiндiк бередi, яғни
ол мұнай-су бөлiну зонасында орналасады.

     Сеператор сұлбасы 13.18-суретте көрсетілген.

13.18-сурет. Сеператор сұлбасы

     Шығымды өлшеу алдында, айырғыш бос болғанда, барабанды (2) айналды-
ратын синхронды двигатель көмегiмен сыммен (5) құбырға (4) якорь түсiредi.
Айырғыштың сұйықтықпен белгiлi бiр төменгi деңгейге дейiн толуынан кейiн
барабанды (2) айналымға келтiретiн синхронды двигатель қосылады, якорь
(6) жоғары көтерiледi. Бiрiншi және екiншi қалтқылар арасынан өткен кезде
якорь қозғалысы магниттi өрiспен тежеледi, ол әсерiнен серiппе (3) сығылады.
Бұл кезде контактiлі құрылғылардың КВН контактiсi тұйықталады және КРД
контактiсi тұйықсызданады. Якорьдiң су және мұнай бөлiну сызығынан (қалтқы
10) және айырғышта сұйықтық деңгейiнен (қалтқы 8) өту мезетiнде контактiлер

         362

МАЗМ¦НЫ
   357   358   359   360   361   362   363   364   365   366   367