Page 412 - indexf
P. 412

16-тарау
      ТЕҢІЗДЕ ҰҢҒЫМА ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ

     Ұңғыма өнімін жинау жүйесімен әрі қарай тасымалдануы деп ұңғыма
өнімін жинау мен оны мұнайды даярлаудың орталық пунктіне (ЦППН) дейін
жеткізу үшін салынған барлық жабдық пен құбырлар жүйесін айтады.

16.1-сурет. Ұңғыма өнімдерін теңізде жинау мен даярлау

     Ұңғыма өнімін дайындау мақсаты:
     –	 үдерістердің қауіпсіздігін арттыру;
     –	 көмірсутектерді тасымалдауға дайындау;
     –	 оларды тұтынушы талаптарына сәйкестендіру;
     –	 коррозиядан сақталуды арттыру.
     Бұл міндеттерді орындау үшін ұңғыма өнімдерін теңізде даярлау бойынша
операциялардың минималды көлемі қажет.
     Жинау мен даярлау жүйесі негізгі элементтердің өзара орналасуы мен
жабдықтарға байланысты әр кен орындарында әртүрлі. Ол бірінші кезекте
кен орын ауданына, ұңғыма дебиттеріне, айдалатын сұйықтықтың физикалық-
химиялық қасиеттеріне, жергілікті жердің рельефі мен табиғи жағдайларға бай-
ланысты.
     Теңіз ұңғымаларының өнімін даярлау үдерістерінің құрлықта жүргізілетін
үдерістерден айырмашылығы жоқ. Олардың негізгі ерекшелігі бір атаулы мо-
дульде технологиялық жабдықты құрастыру, барлық аппараттардың жабдықтар
мен қондырғылар кешені арасындағы интервалдары үлкен құрлыққа қарағанда
тығыз орналасуы, құрлықта мұнай-газ жинау пункттері ұңғымадан бірнеше ки-

         412

МАЗМ¦НЫ
   407   408   409   410   411   412   413   414   415   416   417