Page 413 - indexf
P. 413

лометрде ораналасуы, теңіздік нормативтермен платформаларда аппараттардың
ревизиясы мен қажет жағдайда жөнделуі ғана мүмкін.

     Платформаларда жүргізілетін мұнай мен газды даярлаудың технологиялық
үдерістері:

     –	 мұнай, газ және судың бөлінуі;
     –	 мұнайды сусыздандыру (кейде тұзсыздандыру);
     –	 дайындалған мұнай бөлігін сақтау;
     –	 газды транспортқа дайындау;
     –	 қабатқа айдау үшін қабаттық және теңіздік суларды дайындау сияқты
негізгі операцияларға әкеледі.
     Егер құрлықта магистральді құбырлар арқылы транспортқа берілетін
мұнай мен газ сапасына талаптар қатаң және барлық жерде регламенттелсе,
теңізде мұнай сапасына қойылатын талаптар оның транспорт жағдайларымен
– суасты құбырлары немесе танкерлермен шығару бойынша, ал газдың сапа-
сына қойылатын талаптар – оны қабатқа айдау қажеттілігімен немесе суасты
газ құбырлары бойынша транспорттың қажеттілігімен анықталады.
     Теңіз ұңғымалары өнімдерін жинау, дайындау және транспорт сызбаларын
таңдау түрлі табиғи-геологиялық, технологиялық және ұйымдастырушылық-
экономикалық факторларға, теңіздік мұнайды қабылдау пунктіне (оны танкер-
лермен алыс қашықтыққа тасығанда) тәуелді. Платформада технологиялық
операцияларды таңдауға жағалық инфрақұрылымның болуы немесе болмауы,
жағалық территория сипаты, түп рельефі (құбырлар трассасының), жағаға
жақын орналасуы, теңіз тереңдігі, көмірсутектерді өндіретін транспорттың
бағыты және т.б. айтарлықтай әсер етеді.
     Өндірілген өнімді жағаға тікелей жіберу мүмкін болса, мұнай және газ,
қабаттық судың (үшфазалы ағын деп аталатын) суасты құбырлары арқылы
жағаға бірігіп тасымалдау мүмкіндігін пайдаланып, платформадағы (оның
ауданын азайта отырып) технологиялық операциялар көлемі айтарлықтай
қысқарады. Мұндай жағдайда тауарлы өнімді даярлау және платформаға
қабатқа айдалу үшін қайтып келетін немесе бірден жағада сулы қабатқа
бұрғыланған арнайы ұңғымаларға айдалатын қабаттық суды тазарту жағада
жүргізіледі.
     Қабатқа айдалатын немесе суасты құбырлары арқылы тасымалданатын газдан
мүмкіндігінше ауыр көмірсутектерді бөліп алу керек (бірінші жағдайда, метан мен
этанды қабатқа айдау үшін, екіншісінде, ауыр көмірсутектердің температура мен
газ қысымының төмендеуіне байланысты трасса бойынша құлауын болдырмау
үшін). Сондықтан ылғал бойынша шық нүктесін дроссель – эффектісін ескергенде,
жоғары қысымды газ құбырында, әсіресе, құбырдың соңғы учаскесінде байқалатын
ең төмен температурадан 8-14°С төмен деп қабылдайды.
     Егер газда көміртектің (СО2 – көмірқышқыл газы) қостотығы 3%-дан артық
болса, қажет ингибиторлар газ құбырына айтарлықтай аз түседі, алайда қатты
кептірілген газ құбырдың ішкі қабырғаларын коррозияға ұшыратпайды.

         413

МАЗМ¦НЫ
   408   409   410   411   412   413   414   415   416   417   418