Page 484 - indexf
P. 484

жанып кетеді. 1979 жылығы 3 маусымға дейін, яғни он ай бойы апатты залалсыз-
дандыра алмау себебінен, теңізге 496 тым куб.м мұнай төгіліп, табиғи газ қоры
жоғалтылды. Мұнай ағу салдарынан Мексика шығанағының 10% дейін басып
қалды. Төгілген мұнайдың бір бөлігі жел мен ағыс арқылы апат болған жерден
600 км алыс АҚШ жағалауына әкеледі, мұнда Техас штатының жағасына 114
мың м3 мұнай ағып келді.

     Теңіз суларын ластанудан қорғаудың ортақ комплекстік іс-шаралары негізгі
екі бағытта өрбиді.

     а)	 Теңіз суларына әртүрлі ластаушы заттар түсуін болдырмау.
     б)	 Ластануларды тез арада жою.

       18.10 Теңіз асты көмірсутек кен орындарын барлау мен меңгеру
                   кезіндегі қоршаған ортаны ластанудан қорғау

     Теңіз кен орындарын барлау мен меңгеру кезіндегі қоршаған ортаны ласта-
нудан қорғау іс-шараларының кешеніне мыналар жатады.

     -	 барлау кезінде сейсмикалық әдістерге қолданылатын жарылғыш заттар-
          ды қолдануға тыйым салу және оны жарылмайтын заттармен ауыстыру;

     -	 ұңғымалық шламдар, қалдық сулар, қабат құмдары, жұмыс жасаған
          ұңғылық қосылыстарды арнайы жасалған жағалау жерлеріне төгу;

     -	 қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қабаттық суларды пайдалану;
     -	 ілеспе мұнай-газды жою;
     -	 теңіз гидротехникалық қондырғыларының конструкцияларын жаңарту,

          жобалау мен құрылысқа заманауи әдістерді қолдану;
     -	 мұнай мен газды өңдеу, сақтау, тасымалдау мен игеру кезіндегі

          технологиялық жабдықтар мен ұңғыларды бұрғылау әдістерін жаңарту;
     -	 теңіз суларын ластауды болдырмау үшін кемелерді жаңа жабдықтармен

          жабдықтап немесе жаңа кемелер түрлерін шығару.
     -	 теңіздегі мұнай және газ өнеркәсібіндегі барлау мен игеру кезіндегі

          өндірістегі іс-қағаздарды регламенттеу.
     Теңіздің негізгі ластаушы заттарының бірі – ұңғылық шлам болып отыр.
Олар тек шлам ғана емес әртүрлі ұңғылық қосылыстар, химиялық реагенттер
мен мұнайдан тұрады. Қазіргі кезде шлам жағалауда орналасқан шламтастағыш
жерлерге тасталады, платформада және жол бөгетінде ұңғылық шламдарды
он күнде бір рет тасуға арнайы көлемді қоймалар қарастырылған. Бұндай көп
шламдар қоры тек қана құрылыстың үстіңгі бөлігіне салмақ түсіріп қана қоймай,
оны тасымалмауға көп шығындар жұмсалады. Сондықтан ұңғылық шламдар-
ды тікелей ұңғымалық аудандарда залалсыздандыру әдістері ойлап табылды.
Ұңғылық шламдарды залалсыздандырудың ең тиімді және ілгерінді әдістеріне
олардың тотығуы, гидрофобизация және жылу өңдеу жатады. Тотықтырғыш
ретінде әдетте сутектің асқын тотығы қолданылады, оның есебінен зиянды

         484

МАЗМ¦НЫ
   479   480   481   482   483   484   485   486   487   488   489