Page 480 - indexf
P. 480

ерекшеліктерін анықтау, ортаның гидрометеорологиялық жағдайларының
толық, сапалы мәліметтеріне байланысты.

     Әсіресе, солтүстікте және арктикада мұнай және газ саласындағы жұмыстар
құны өсуінің басты факторы қоршаған орта екендігін ескерген жөн.

     Гидротехникалық құрылғыларды орнатуда болжамдық гидрометео-
рологиялық ақпарат қажет.

     -	 Жел жылдамдығы және бағыты;
     -	 Құрлықтағы ағыстың жылдамдығы және бағыты;
     -	 Толқындардың биіктігі;
     -	 Толқындардың орташа кезеңдері;
     -	 Мұздық шарттар;
     -	 Көруге мүмкіншілік;
     -	 Ауа температурасы;
     -	 Сұрлану;
     -	 Бұлттылық;
     -	 Жауын-шашын.
     Қоршаған орта жұмыстың бағасына қатты әсерін тигізеді, себебі
гидрометеорологиялық шарттарға мұнай өнімдерінің күрделілігі мен
ерекшеліктері байланысты.
     Қоршаған орта температурасының теңіз скважина жұмыстарына әсер етуі.
     Алынып жатқан мұнай температурасы екі шарттарда анықталады:
қоршаған ортаның табиғи жылылық ауданымен және сұйықтық іс-әрекетінің
жылдамдығымен. Жер беті нейтралды қабыршақтан тұрғандықтан, темпера-
тура еш өзгермейді. Сондықтан температураның өзгеруі сұйықтықтың қозғалу
жылдамдығына байланысты. Егер скважина бағаны сумен шайылса, өзгеріс
қатты байқалады. Осы себептен жер бетінің мерзімдік температура өзгерістерін
ескеру қажет. Сонымен қатар, қыс мерзімінде сұйықтық температурасын көтеру
үшін скважина бағанындағы жылылықтың жоғалуын қамтамасыз ететін ша-
ралар өте қызық. Теңіз шарттарында колоннаның жоғарғы эксплуатациялық
бөлшегі жылдық температуралық өзгерістерге тән ортада орналасқан. Бұл зо-
наны температураның мерзімдік өзгеру зонасы деп алалық. Екінші зонада
нейтральді қабыршақтың температурасы жылдық температура өзгересіне бай-
ланысты емес. 1 және 2 зона үшін төмендегідей формула жазуға болады:

                                               T0 = α + bz

     A, b – тұрақты параметрлер; T0 – қоршаған ортаның температурасы, z –
ұңғыма элементінің ұзындығы.

					  Tn  = Tb  −  Tb  − Tn  ,  0 ≤ z ≤ l1 		  (18.1)
                        l1

                                 480

       МАЗМ¦НЫ
   475   476   477   478   479   480   481   482   483   484   485