Page 485 - indexf
P. 485

органикалық шламдар тотығып, оны залалсыз заттар болатын су мен оттек-
ке айналдырады. Ұңғымалық шламдарды гидрофобизациялау нәтижесінде
органикалық заттардың диффузиясы азайып, ұңғымаланған жыныстардан
құралған аздисперсиалды тұнбалардың құралуы азаяды. Ол суда ерігіш жоғарғы
молекулярлы заттармен немесе гидрофобты органикалық қосылыстар арқылы
іске асады. Шламдарды залалсыздандырудың ең тиімді және қарапайым түрі –
жылу өңдеу. Шламға жоғары температурада (5000C) әсер еткен жағдайда оның
құрамындағы органикалық қосылыстар түгелдей жанып кетіп, залалсызданған
шламды платформа жанындағы теңіз түбіне қоймалауға болады. Ұңғылық
аудандарға қоюға болатын шламды жылуөңдеу қондырғыларының бірнеше түрі
бар.

     Ұңғылық қалдық сулар негізінен теңіз суымен ұңғымадан алынған жыныс-
тарды жуу кезінде шығады. Олардың құрамында саздық қоспалар, аздаған
ұңғылық жыныстар мен ұңғылық қоспаның кішкене фракциялары бар. Бұндай
суларды зиянды болғандықтан, теңізге құюға болмайды. Оларды коагулянттің
минералды немесе полимерлі болатын әртүрлі түрімен өңдейді.

     Мұнайды өндіру кезіндегі ластаушының бірі ұңғыдан мұнаймен бірге
шығатын қабат құмы. Құмдағы мұнай құрамы 8-10% жетуі мүмкін. Қабат
құмынан арылудың ең тиімді және қолжетімді әдісі – оны жууға қабілетті беттік
әрекетті заттармен жуу. Жуылғаннан кейін құмды теңізге тастауға болады.

     Қоршаған ортаның мұнаймен ластануы ең қауіпті түрі. Олар тұрақты не-
месе тұрақсыз кейіпте болуы мүмкін. Ұңғымалық жұмыстарды жүргізу кезінде
әртүрлі технологиялық жұмыстарда, құрылыстың үстіңгі палубасында мұнай
мен басқа сұйықтықтардың төгілуі болып тұрады.

     Бұл қалдықтардың теңізге түсуін болдырмау үшін эстакада аудандары 15 см
периметрі бойынша металл қаптамасымен түгелдей жабылады. Тағы да негізгі
және қосымша сорап астына поддондар мен май ұстағыштар қойылады. Шет
елдердің практикасында арнайы жинаушы құралдарды колдану кең таралған.
Олар волокондық масса түрінде болып, палубаға төгілген мұнайды жинау үшін
немесе жастық түрінде болып, ұңғылық сораптар астын, компессорлар мен
басқа да механизмдерді қорғайды.

     Теңіз қоршаған ортасына ең үлкен қауіп төндіретін – мұнайдың апатты
төгілулері. Бұндай апаттар ұңғының ашық фонтандауы себебінен, кен орындағы
мұнай-газ эксплуатациясында және бұрғылауда болады. Бұл апаттар сол жердегі
акваторияның ластануы мен ластанудан кейінгі залалсыздандыруға деген
шығындардың көптігіне алып келеді. Мысалы, Солтүстік теңіздегі (Брент плат-
формасы) Экофиск кен орнының 1977 жылғы апаты салдарынан теңізге 15 тың т.
мұнай төгіліп, одан кейінгі апатты жоюға 12,6 млн. доллар шығын акелді. Бұдан
да көп шығындар Мексика шығанағындағы Икстос кен орнындағы әлемдегі ең
ірі мұнай-газ өндірістік апаты кезінде тіркелді. Ластануды жою үшін 33,5 млн.
доллар керек болды.

         485

МАЗМ¦НЫ
   480   481   482   483   484   485   486   487   488   489   490