Page 486 - indexf
P. 486

Осындай апаттарды болдырмау немесе азайту үшін дұрыс бұрғылау техно-
логиясын қолданып, теңіз қоршаған ортасын қорғаудың жүйесін жасау қажет.

     Темірден, болаттан жасалатын континенталды қайраңдардың құрылысын
теңіз кен орындарда, мысалы, Солтүстік теңіздегі мұнай және газ кен орнын-
да коррозиядан қорғау қазіргі таңда негізгі болып отыр. Теңіз суы бетонға
химиялық әсер еткенде үш түрлі коррозия жүреді: цементтік тастың үгілу
үдерісі, химиялық реакциялар нәтижесінде цементтік тастар мен теңіз суының
арасында жаңа заттардың пайда болуы, тез еритін немесе біріктіру қабілеті жоқ
заттардың көбеюі, алмасу реакция себебінен бетонның кристалдық күйге ауы-
сып, көлемі өсу барысында оның механикалық бұзылысы.

     Бетонның теңіз суына химиялық беріктігін жоғарылату үшін жоғары
тығыздықты және химиялық берік цемент тасын қолданады. Цементтік тастың
химиялық беріктігін ұлғайту минералогиялық құрамды цементтер қолдану
арқылы жүзеге асады. Цементтегі үшкальцийлі алюминаттың құрамын макси-
малды төмендету арқылы теңіз құрамында 3 г/л-ге дейін болатын сульфаттардың
әрекетінен қорғау болады. Беріктікті жоғарылату тағы жерсазды цемент пен
темірлі цементтер арқылы да жүзеге асады. Толырғыш түрі де үлкен мәнге ие.
Көптеген зерттеулер көрсеткендей, теңіз құрылыстары сілтілік реакцияларға
аса сезімтал, бұл дегеніміз цементік тасты толтырғыштардың да әсері сал-
дарынан бұзылу. Шетелдерде мұндай бұзылыстарға зерттеулер жүргізілуде.
Бетонның тығыздығыың жоғары болуын оның құрамын дұрыс таңдаумен, ар-
найы технологиялық әдістер арқылы, мұнда бетонның қатуы қорғаушы қабатта
және ұқыпты қарау кезінде жақсы жетістіктерге жеткізеді. Темірбетондық
құрылыстарының күрделі ақауларының көп бөлігі арматуралардың коррозияға
ұшырауының себебінен болады. Коррозиялық үдерістің басталуы арматура
бетіне хлоридтердің жиналуымен немесе сілтіліктің төмендеуіне байланысты.
Арматураның коррозиясы су асты мен үстінде әрқалай өтеді. Темірбетондық
құрылымдарды теңізде қолданудың тәжірибесі көрсеткендей арматуралар
көбінесе судың үстіңгі жағы коорзияға ұшырайды. Мұндай коррозия негізінен
бетонның қорғаушы қабатынан өтетін хлоридтармен немесе қабаттың карбони-
зация себебінен болады. Бетонның сумен жайылған, бірақ қанықпаған жерінде
коррозия үдерісі қарқынды жүреді. Ең қауіпті жерге алмасу зонасы жатады,
мұнда бетонның қанығуы оның қайта құрғауымен алмасып тұратын жері.
Мұндай ылғалды режим кезінде бетонға хлорид жиналып, оттектің металға
енуі тежелмейді. Континенталдік қайраңдардағы темірбетон құрылыстарын
жобалау кезінде негізгі үстемділікті алдын ала сызаттары жоқ немесе барынша
азайтылған темірбетонды пайдалану керек. Коррозиядан қорғаудың қосымша
әдістеріне цинктелген арматуралар, арнайы тығыздаушы қабаттар, арматураны
катодты және протекторлы қорғау түрлері.

     Қорғау шараларының барлығын комплекстік түрде қолдану арқылы
темірбетондық құрылыстарды басқа да құрылымдардың антикоррозиялық

         486

МАЗМ¦НЫ
   481   482   483   484   485   486   487   488   489   490   491