Page 479 - indexf
P. 479

-	 синоптикалық, ең ауыр бақыланған (дауылдық су деңгейінің көтерілу
          ағысы және т.б.) жағдайлардағы мәліметтер бойынша параметрлерді
          есептеу;

     -	 параметрлерді периоды 50 немесе 100 жыл (толқындар биіктігі)
          гипотетикалық «жобалық» дауыл бойынша есептеу;

     -	 математикалық модель бойынша есептелген мәндердің экстраполяция-
          сы;

     -	 өлшенген және бақыланған мәндерді, олардың сәйкес ықтималдық та-
          ралу функцияларымен аппроксимациялау арқылы экстраполяциялау.

     Нормаға жақын параметрлерді анықтау үшін төменгі мәліметтердің
қолданылуы мүмкін:

     -	 әдебиеттік көздер (атластар, жылдық есептер және т.б.);
     -	 жағалаулық және кемелік бақылауларды, берілген нүктелердегі

          бақылауларды талдап, қорыту;
     -	 типтік жағдайлар үшін есептелген мәндерді, мысалы, басым желдік

          жағдайлар үшін ағыстарды есептеу;
     -	 шұғыл синоптикалық карталар бойынша есептеулер (толқындауды

          есептеу);
     -	 түйіспейтін бақылау әдістерімен, жер серіктері арқылы және басқа

          мәліметтерден алынған.
     Барлық жүргізілетін есептеулер әдістемелерге сәйкес орындалады. Олар
эксперименталдық зерттеулер арқылы жүйелі түрде жетілдіріледі, оның ішінде
көбінесе және мақсатты жағдайлар нәтижесінде есептеудің жаңа әдістері жаса-
луы мүмкін.
     Ақпараттарды жинақтауға арналған техникалық құралдар комплексі бар,
оның құрамына: ғылыми-зерттеу кемелері, ауа райы кемелері, жүзбелі бағдар
шырақтары, зәкірленген және дрейфтеуші буйлар, Солтүстік полюс дрейфтеуші
станциясы, жағалық және сағалық теңіз гидрометеорологиялық станцияла-
ры, іздеу кемелері, гидрографиялық кемелер, әуе және космостық бақылаушы
платформалары, су асты аппараттары, су асты аппараттарының жетектері,
адам тұрмайтын жер серіктері және космос лабораториялары, ұшақтар, тік
ұшақтар, шарлар-зондтар, тұрақты теңіз платформалары (мұнай кәсіптік және
бұрғылау), гидрометеорологиялық мәліметтерді, конструкциялар элементтеріне
жүктемелерді өлшеуге арналған аспаптармен жабдықталған комплекстер және
басқалар кіреді.
     Қоршаған ортаны зерттеу салалық талаптарға сәйкес арнайы мекемелер-
де жасалынып, бекітілген арнайы әдістемелерді, басты нұсқауларды, ережелер
жинақтарын қолдау арқылы жүргізіледі.
     Қоршаған ортада жүргізілетін жұмыстардың өзіндік құнына және ол
мұнай-газ өндірістерінде қолданылатын бірегей, күрделі теңіз техникасының
параметрлерін, техникалық сипаттамаларын және конструкциялық

         479

МАЗМ¦НЫ
   474   475   476   477   478   479   480   481   482   483   484