Page 483 - indexf
P. 483

қыс мезгілінде төмендеуі жаз мезгіліндегі ұңғыма скважинаның температура-
сына қарағанда 10,4С болды. Бұған қоса, қыс мезгілінде де, жаз мезгілінде де
бейтарап қабыршақ ауданындағы температура градиенті жоғарырақ. Мысалы,
1-зонада қыс мезгілінде жылылық градиенті 0,104, ал жаз мезгілінде 0,0501, ал
бейтарап қабыршағынан төмен деңгейде 0,0012C/m.

     Шығарылған нәтижелерге байланысты төмендегідей қорытынды шығаруға
болады: скважина ұңғымасын бейтарап қабыршақ деңгейінен жоғары ауданда
жылытса, скважинадағы жылылықтың жоғалуын 9,4ОС төмендетуге болады,
яғни ұңғымадағы температура 58ОС тең болады.

       18.9 Теңіз қайраңы кен орындарын барлау мен меңгеру кезіндегі
                          әлемдік мұхитты ластанудан қорғау

     Көптеген елдердің, оның ішінде Ресейдің де континенталдық қайраңы
теңіз биоресурстарының ерекше қоры. Жағалау суларының, теңіздердің лас-
танудан қорғаудың ережелерінде бұндай су объектісі (акватория) жоғарғы
(ерекше) балықшаруашылық категориясына жатады, яғни кез келген, тіпті
тазартылған қалдықтарды да тастауға тыйым салынған. Теңіз мұнай және газ
кен орындарындағы барлау мен игеру үдерісіндегі барлық алдын алу шаралары-
на қарамастан, қоршаған ортаның ластану қаупі жоғары болуда.

     Бұрғылау мен игеру кезінде теңізге бұрғылық сулар, қоспаларды дайындау
және өңдеу кезіндегі әртүрлі химиялық реагенттер, мұнаймен ластанған қабат
құмы, қабаттық сулар және игеру өнімдерімен, негізінен мұнай әсерінен ласта-
нуы мүмкін. Мұхит және теңіз суларына мұнайдың көп бөлігі көл сулары мен
қалдық сулар арқылы келеді. Мұнай ластануының 20%-ы өнімді тасымалдау
кезінде, 5%-ы қайраңдағы мұнай және газды барлау мен игеру кезіне тең келеді.

     Теңіз кен орындарында көмірсутектерді игерудің өсуі, ондағы қауіпті
жағдайлардың санының өсуіне алып келеді. АҚШ геологиялық басқармасының
есептемелері бойынша солтүстік теңіздегі жиырма жылдық игеру кезіндегі ірі
апатты мұнай ағымдарының ықтималдылығы 91% , ал жағалау бойның ласта-
нуы апаттың орнына байланысты 2-23% аралығында болмақ.

     Бұл кен орнын он жыл бойы пайдалану кезінде мұнай ірі мұнай апатының
болу ықтималдылығы 64%. Бұндай кризистік жағдайларды басқа да мұнай және
газды өндіретін, мысалы, Парсы шығанағы, Мексика шығанағы, т.с.с орындар-
дан да күтуімізге болады.

     Барлау жұмыстары кезіндегі апатты тарихтағы ең үлкен мұнай ласта-
нуына мысал ретінде – Мексика жағалауынан 189 км орналасқан Кампче
шығанағындағы мұнай және газдың төгілуі. Төгілу 135-ші Икстос ұңғымасын
жартылай батырылған Седко кемесімен бұрғылау кезінде болды. Ол 1979 жылы
3 шілдеде мұнайлы қабаттарға кіре берісінде басталды. Төгіліс басталғаннан
кейін шыққын газ тұтанап, бірнеше сағатта үстіңгі бұрғылау аспаптары түгелдей

         483

МАЗМ¦НЫ
   478   479   480   481   482   483   484   485   486   487   488