Page 490 - indexf
P. 490

орын алып отырған, мұнай шығару қондырғылары мен танкерлі флоттардағы
апаттардың нәтижесіне байланысты, арнайы суда мұнайжинағыштар
ойластырылған және шығарылады. Олар мұнайжинағыш қондырғыларды,
бондық қоршауларды және өзге де мұнайдың төгілуіне қарсы құралдарды та-
сымалдау мен орнатуға арналған. Суда мұнайжинағыш ретінде, ашық теңізде
қолайсыз қиын ауа райының жағдайында жұмыс істеуге қабілетті, катамаран
тектес кемелер көп қолданысқа ие боп келеді. Апат (авария) орнына тасымал-
дау ұшақтарымен оларды жылдам тасымалдауға мүмкіндік беретін кемелердің
конструкциялары жасалған, ол үшін кемелер бөлек модельдерден орында-
лады. Мысалы, мұндай конструкциялы Марк-6 жүйелі мұнайжинағышты
атаса болады. Соңғы уақытта ерекше мұнайжинағыштың мұнай жинауға
арналған жоғарғы өндіргішті қондырғылардың ірі тонналы кемелерін жасауға
деген беталыс үдеріс (тенденция) байқалады. Осылай, «Холдер Оффшор»
атты норвегиялық фирма, Солтүстік теңізде жұмыс істеуге арналған өзінің
біртума жобасын ұсынған. Мұнайжинағыштың қалыбы (корпус) диаметрі
43 м цилиндр түрінде орындалған, оған екі бүйірінен әрқайсысы 23 м болатын
қанаттармен орнатылған. Мұнай қабыршағының қалыңдығы 25 мм болғанда
мұнайжинағыштың өнімділігі 6000 т/сағ құрайды, жиналған мұнай үшін резер-
вуар сыйымдылығы – 30000 т, экипаждың саны шамамен 400 адам. Мұнайдың
төгіліп жайылуына қарсы қолданылатын физика-химиялық құралдарға, мұнай
дағының дисперсиясын тудыратын, яғни дисперганттар деп аталатын майда
тамшыларға бөлшектейтін заттар жатады. Олар екі негізгі белгілерді қамтиды:
механикалық жинаудың мүмкіншілігі болмағанда немесе әсері жеткіліксіз
болған жағдайда максималды түрде мұнаймен ластануды залалсыздандыру
және су мен мұнайдың әсерлесу бетін арттыру арқылы мұнайдың табиғи жол-
мен жойылуына әсер ету. Қазіргі заманда әлемде мұнайды суда диспергирлейтін
қасиеті бар бірнеше жүз химиялық заттар шығарылуда. Диспергенттер
токсикалығы төмен, жоғары эмульгирлейтін қасиеті және биологиялық сіңіп
кетуі жақсы болуы тиіс. Диспергенттердің негізгі құраушысы болып беттік
белсенді заттар (БӘЗ) еріткіштер мен реттегіштер құрайды. Олеофилді және ги-
дрофобты қасиетке ие (БӘЗ), сулы-көмірсутек жүйесіндегі байланысты үзеді,
яғни мұнай дағын ұсақ тамшы бөлшектерге бөледі. Еріткіштер БӘЗ-дің мұнай
дағына кезекті эмульсияның түзілуі арқылы енуіне әрекет етеді. Олар әртүрлі
болуы мүмкін – көмірсутектен бастап суға дейін. Мұнай негізінде жасалған
еріткіштер токсикалық болып келеді, бірақ олар сулы ортада жылдам басылады.
Стабилизаторлар немесе қоспалар эмульсияны реттегіш, қышқыл ортаны және
коррозияны ингибиторлар ретінде ендіріледі.

     Осы уақытқа дейін диспергенттердің 3 кезеңі жасалған. Үшінші кезең ней-
тралды БӘЗ-дің қышқылы бар қосылыстарының ерітіндісінде еріген күрделі
қосылысын құрайды. Олардың тасымалдануын жеңілдету үшін концентрленген
заттар түрінде шығарылады. Оларды судың 10% ерітіндісінде қолданады, со-
нымен қатар олардың токсикалы бірінші кезең диспергенттеріне қарағанда мил-

         490

МАЗМ¦НЫ
   485   486   487   488   489   490   491   492   493   494   495